505-бап. Салық декларациясы Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынады.
2. Қосылған құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде;
осы Кодекстің 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
505-бап. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| Қалалар: |
|
| 1. | Алматы | 28,95 |
| 2. | Шымкент | 9,17 |
| 3. | Астана | 19,30 |
| 4. | Актау | 9,65 |
| 5. | Ақтөбе | 6,75 |
| 6. | Атырау | 8,20 |
| 7. | Жезқазған | 8,20 |
| 8. | Көкшетау | 5,79 |
| 9. | Қарағанды | 9,65 |
| 10 | Қонаев | 9,17 |
| 11. | Қостанай | 6,27 |
| 12. | Қызылорда | 8,68 |
| 13. | Орал | 5,79 |
| 14. | Өскемен | 9,65 |
| 15. | Павлодар | 9,65 |
| 16. | Петропавл | 5,79 |
| 17. | Семей | 8,68 |
| 18. | Талдықорған | 9,17 |
| 19. | Тараз | 9,17 |
| 20. | Түркістан | 7,79 |
| 21. | Алматы облысы: |
|
| 22. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 |
| 23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 |
| 24. | Ақмола облысы: |
|
| 25. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 |
| 26. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 |
| 27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы |
| 28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы |
| 29. | Кенттер | 0,96 |
| 30. | Ауылдар | 0,48 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 505-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы