Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 424-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

424-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  424-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларацияны ұсыну міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде тұрғылықты (болу) жері бойынша ұсынылады. 

     Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережелері: 

     1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 

     2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын тұлғаларға қолданылмайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

424-бап. Салық декларациясы  Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салықтық кезең үшін ұсынуға міндетті. 

      Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды. 

      Осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша қосылған құн салығы декларациясын ұсынады. 

      2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері ұсынылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын уәкілетті орган белгілейді. 

      Шот-фактуралардың нөмірлерін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны: 

      1) есепті салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттарды); 

      2) есепті салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін электрондық нысанда ұсынған кезде шектелмейді. 

      Егер қосылған құн салығын төлеуші: 

      салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі; 

      салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. 

      Егер қосылған құн салығын төлеуші: 

      салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды; 

      салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алған жағдайда, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды.  

      3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).  

      4. Осы Кодекстiң 85-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші осындай есептен шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салықтық кезеңнің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін жасалады. 

      Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды. 

      5. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салықтық есептілікті ұсынады. 

      Ескерту. 424-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы