15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі – Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
1) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың заттарын тексеруді жүргізу;
3) күдіктілерден, айыпталушылардан және сотталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
4) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
6) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
7) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
8) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың діни жоралар жасауы;
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
11) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
12) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
16) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жеке қабылдауы;
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың мәйіттерін беру;
19) күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
20) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзеттен босату тәртiбi белгiленедi.
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы