44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қарулы мынадай жағдайларда:
1) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне және өзге де адамдарға шабуылын тойтару үшін;
2) жаппай тәртіпсіздіктің немесе күзетте ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтың жолын кесу үшін;
3) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін тартылған ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзге де қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаушылық көрсеткен сезіктінің немесе айыпталушының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу үшін;
4) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне шабуылды тойтару үшін, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшін;
5) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
6) сезіктінің немесе айыпталушының айналасындағыларға немесе өзіне зиян келтіру әрекетінің жолын кесу үшін;
7) қашқан не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сезіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстау және айдауылмен алып жүру үшін қолданылуы мүмкін.
2. Арнаулы құралдар ретінде:
1) осы баптың 1-тармағының 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қол кісендері, күзетте ұстау орындарының қызметкерлері қол кісендері болмаған кезде қолда бар байлап-матау құралдарын пайдалануға құқылы;
2) осы баптың 1-тармағының 1)-6),7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - резина таяқтар;
3) осы баптың 1-тармағының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - газ қаруы мен көзден жас ағызатын заттар;
4) осы баптың 1-тармағының 1)4), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда - алаңдатушы әсері бар жарық-дыбыс құрылғылары;
5) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғылар;
6) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - су атқыштар, бронды машиналар мен басқа да арнаулы және көлік құралдары;
7) осы баптың 1-тармағының 1)-6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қызметтік жануарлар қолданылуы мүмкін.
3. Әйелдер, мүгедектігі анық байқалатын адамдар айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, оларға арнаулы құралдарды, газ қаруын және жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы