Алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық № 2 сотының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы үкімімен: К. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 190-бабы екінші бөлігінің 3) тармағымен 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Сот үкімімен К. өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 15 қантардағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылығында сотталғанның кінәсінің дәлелденгендігіне және оның іс-әрекеттерінің дұрыс сараланғанына дау тудырмай, К.-ға жаза тағайындау кезінде іс бойынша қылмыстық заң нормалары дұрыс қолданылмаған деп санайды. Іс материалдарынан анықталғандай К. «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» МКҚК-нің (бұдан әрі – Колледж) директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып, қасақана тікелей пайдакүнемдік ниетімен, сенімге кіру арқылы алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау мен сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруды және бөтен мүлікке құқықты иемденуді өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасау мақсатымен колледжде жерге орналастыру мамандығына арнайы пәндер оқытушысы ретінде сағаттық төлемақымен жұмысқа қабылданған қызметкердің жалақысының елу пайызын Колледж қажеттілігі үшін деген сылтаумен алаяқтық жолмен заңсыз иемденіп алу арқылы өзіне материалдық тұрғыда оңай жолмен табыс табуды алдын-ала ойлап, оны анық қалап, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жоспар құрып, оны жүзеге асырып, нәтижесінде жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған
«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 1, 2, 22-тармақтарына сәйкес қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын және оның түрлерiн, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дәрежесін анықтаған кезде соттар ҚК-нiң 11-бабында көзделген оның ауырлығын, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған кездегі мән-жайлардың (жасау тәсiлi, кiнәнiң түрi, себептер мен мақсаттар, іс-әрекеттің аяқталу кезеңі, туындаған зардаптардың қоғамға қауiптiлiк дәрежесi және т.б.) жиынтығын ескеру керек. Лауазымы бойынша мiндеттерін атқаруына немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуына байланысты қылмыс жасаған әрбір жағдайда, ҚК-нің 50-бабына сәйкес, сот жасаған қылмыстың сипатын ескеріп, сотталушының белгiлi лауазымдарды атқару немесе нақтылы қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы мәселені шешуге міндетті. Сонымен қатар сотталғанның үкiм шыққан сәтте лауазымды атқармауы немесе жасаған қылмысқа қатысты қызметпен айналыспауы аталған қосымша жазаны қолдануға кедергi болмайды.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталған К.-ның кінәсін ішінара мойындағанын, кәмелетке толмаған баласы бар екенін және осы мән-жайларды ескеріп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру туралы қосымша жазаны тағайындамағаны дұрыс деген тұжырымға келген. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабына сәйкес педагог - педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам екендігі айқындалған. Демек соттың тұжырымы заңсыз, себебі К. аталған қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей пиғылмен, жеңіл түрде ақша табу мақсатында, білім беру саласында және өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасағандығы (Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарғанын), оның бұл әрекеті заңсыз екенін ұғына отырып жасағаны педагогикалық әдеп қағидаларында қойылған жоғары талаптарды өрескел бұзғандығы болып табылады. Сонымен қатар сот К.-нің кінәсі толық дәлелденгеніне қарамастан, ол кінәсін ішінара мойындағанын, өз кезегінде жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жәбірленушіге қатысты құқыққа қарсы бұзушылық екенін мойындамағанын ескеріп, қосымша жаза тағайындамаған.
Сондықтан алдағы уақытта ҚК-нің 50-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес К.-нің тарапынан ондай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалуы қажет. Сонымен бірге К. апелляциялық сатыдағы сотта Колледж директоры бұйрығының негізінде атқарған лауазымдық қызметінен босатылғаны жөнінде көшірмені ұсынғаны оны басқа жұмысқа осындай лауазымға тағайындауға немесе белгілі бір қызметпен айналасуға кедергі келтірмейтінін де ескерген жөн. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған К.-ге қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, оған білім беру ұйымдарында лаузымдарды атқару және оларға басқару қызметімен айналасу құқығынан 3 (үш) жылға айыру косымша жазасы тағайындалды Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы