Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректермен
Қ. сотқа берген талап арызында 2-топтағы мүгедек екендігін, жеке кәсіпкерлікпен айналысатынын, 2009 жылы өзінің жеке меншігіндегі «Мереке» мейрамханасының құрылысын бастағанын, оны тұрғызғаннан кейін жауапкер Ұ.-мен мейрамхананың сыртын алюкобонд материалымен қаптап беру туралы ауызша келісімге келгенін, бірақ жауапкер аталған жұмысты аяқтаған соң мейрамхана сыртындағы материалдар бір айға жетпей түсіп қалғандарын, содан жауапкерге сапасыз жұмысын қайта жөндеп беруге өтініш жасағанын, алайда, жауапкер одан бас тартып, қашып кеткенін, одан кейін де осындай өтініштерін аяқсыз қалдырғанын, «Аукциондар және мүлік бағалаудың маңғыстаулық орталығы» ЖШС-нің №121 есебі бойынша оған жауапкердің сапасыз жұмысынан 1 184 500 теңгеге зиян келтірілгені анықталғанын көрсетіп, жауапкер Ұ.-дан 1 184 500 теңге материалдық шығын өндіріп беруді сұраған. Жаңаөзен қалалық сотының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен талапкер Қ.-ның талап арызы толық қанағаттандырылып, жауапкер Ұ.-дан оның пайдасына 1 184 500 теңге материалдық шығын өндірілген. Маңғыстау облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Кассациялық сот алқасы өз кезегінде апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Ұ. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасына берген өтінішінде соттар материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын дұрыс қолданбағандықтан, дау келтірілген сот актілерінің күшін жойып, Қ.- ның талап арызын қанағаттындырусыз қалдыру жөнінде жаңа шешім қабылдауды сұраған. Қадағалау сот алқасы іс құжаттарын және өтініштің уәждерін тексеріп, прокурордың даулы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға апелляциялық сот алқасына жолдау керек деген қорытындысын тыңдап, өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келген.
Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректермен
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әріАІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс бойынша анықталғандай, 2010 жылғы тамыз айында тараптар ауызша келісім жасап, оның шарты бойынша жауапкер «Мереке» мейрамханасының сыртын алюкобонд материалымен қаптау жұмыстарын және монтажын жасап беруге, ал талапкер жұмысты бітіргеннен кейін жауапкерге 170 000 теңге ақы төлеуге міндеттенген. Аталған жұмысты жасау үшін талапкер алюкобонд және басқа қажетті құрылыс материалдарын жауапкерге өзі табыс еткен. Бұл фактіні тараптар жоққа шығармайды. 2010 жылдың қазан айында жауапкер ғимараттың сыртын алюкобонд материалымен қаптау жұмысын аяқтап, талапкер істелген жұмысты қабылдап, келісілген 170 000 теңгені жауапкерге төлеген. Бұл жауапкердің 2010 жылғы 21 қазандағы қолхатымен расталады және оны тараптар теріске шығармайды. Алайда, талапкер жауапкердің сапасыз жұмысынан мейрамханасының сыртына қапталған алюкобондтың басым бөлігі сынып, түсіп қалуына байланысты, құрылыс материалдарын сатып алуға кеткен шығындарын ескере отырып, жауапкерден 1 184 500 теңге материалдық шығын өндіруді сұрап сотқа жүгінген. Сот сатылары жауапкер ауызша жасалған мердегерлік шарты бойынша жоспарланған жұмысты сапасыз атқарғандықтан, құрылыс материалдарын сатып алуға кеткен материалдық шығын жауапкерден өндірілуге жатады деген тұжырымға келіп, одан Қ.-ның пайдасына 1 184 000 теңге өндіру туралы шешім қабылдаған. Алайда, қадағалау сот алқасы аталған сот тұжырымдарымен төмендегі мәнжайларға байланысты келіспейді. АІЖК-нің 64, 66-баптарының талаптарына сәйкес, сот заңмен көзделген тәртіпте тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бұл нақты деректер, соның ішінде, тараптардың түсініктемелерімен анықталады. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде сот анықтайды. Соттар талап арызды қанағаттандырған кезде дәлелдеме ретінде талапкердің тарабы ұсынған бағалау есебін негізге алған.Бағалау есебі материалдық зиян келтірудің бұлжымас дәлелі болып табылмайды, өйткені ол өзге дәлелдермен бірге жиынтықта бағалануға тиіс.
Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес. Материалдық зиян - жеткілікті және нанымды дәлелдемелермен расталуға тиіс математикалық, сандық ұғым, ал іс бойынша талапкер Қ.-ға келтірілген материалдық зиян туралы ешқандай сандық дәлелдеме жоқ. Атап айтқанда, талапкер сатып алған құрылыс материалдарының құнын нақты құжаттармен дәлелдеуге тиіс, яғни сотқа құрылыс материалдарын сатып алған түбіртектерін, есепшоттарын немесе өзге төлем құжаттарын ұсынуы керек. Құжаттарға қатысты күмән тудыратын сұрақтар болса, сот өз бастамасы бойынша сараптама тағайындауға құқылы. Талапкер Қ. өзіне келтірілген материалдық шығынды АІЖК-нің 65-бабына сәйкес сотта дәлелдей алмады. Сондықтан сот сатыларының жауапкер Ұ. ауызша жасалған мердігерлік шарты бойынша белгіленген жұмысын сапасыз атқарғандықтан Қ.- ға 1 184 000 теңге материалдық зиян келтірген деген тұжырымы негізсіз және заң нормаларына қайшы келеді. Сот сатылары жіберген заң бұзушылықтар өрескел болғандықтан, қадағалау сот алқасы АІЖК-нің 387-бабының 3-тармағы мен«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күштерін жойын, талапкер К.- ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдау қажет деп санайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректермен
178 рет жүктеп алынды -
Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректермен
155 рет жүктеп алынды