23-3-бап. Сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ Тұқым шаруашылығы туралы
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбелеріне сәйкес мемлекеттік сынақтың және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.
2. Дақылдар бөлінісінде шаруашылыққа пайдалылығына, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сұрып сынағын өткізу әдістемелерін Ауыл шаруашылығы дақылдарына сұрып сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітеді.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарына сұрып сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия сұрыптың шаруашылыққа пайдалылығына сынақ өткізумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткізеді және морфологиялық белгілері бойынша ресми сипаттама жасайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы.
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы