18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар Сауда қызметін реттеу туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды.
1. Сараптама ұйымы экспортқа және кері экспортқа тауардың шығу тегі туралы сараптамалардың актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығу тегі, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін куәландырады және береді.
2. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар уәкілетті органда аттестаттаудан өтеді және олар өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтінімде және өтінім беруші ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтерде жалған және (немесе) анық емес фактілер анықталған кезде тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасаудан, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындаудан бас тартуға міндетті.
4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен сараптама ұйымдары тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 18-5-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы.
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы