109-бап. Сараптама ұйымдары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің екінші деңгейіне жататын бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды күрделі жөндеу;
мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды күрделі жөндеу, құрылыс объектілерін реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру;
жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жүргізеді.
Сараптама ұйымдары құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі рәсімдер мен операцияларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен "бір терезе" қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тұтас құрылыс жобасына құжаттардың толық жинақталымына немесе оқшау сараптама қорытындыларын бере отырып, құрылыс жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жүргізуге құқылы.
Құрылыс жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша оқшау сараптама қорытындылары тұтас құрылыс жобасын бекітуге негіз болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады.
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылмаған, құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын сараптама ұйымдары жүргізеді.
4. Сараптама ұйымдары осы Кодексте көзделген сараптама қызметінен басқа, өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
5. Сараптама ұйымдары осы баптың 1-тармағында көзделген құрылыс жобалары бойынша жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы