24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама Қазақстан Республикасының Патент Заңы
1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн мен басымдық күнi анықталады.
Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресiмделген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм кері қайтарып алынған болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
Өнеркәсiптiк үлгiге берiлген өтiнiмге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етiлген кезде олардың өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдей алады, бұл туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн ресми сараптаманың нәтижесi туралы өтiнiм берушiге хабарланады.
2-1. Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптары бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап оған үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау және қажет болған кезде өтінім құжаттарына нақтылауды енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енгізілген басқа да өнеркәсіптік үлгілер бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.
Егер өтінім беруші өзіне бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгілердің қайсысы қаралуға жататынын хабарламаған және нақтыланған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен байланыстылығы өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай басқа да өнеркәсіптік үлгілерді қарау жүргізіледі.
3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсыныстың өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiге жатқызылуы мүмкiндiгiн анықтауды, көркемдiк-конструкторлық шешiм деңгейiн айқындау үшiн мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң осы Заңның 8-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк талаптарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенi туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына табыс етiледi.
4. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама жасау мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды сұратуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнi өзгертiлместен табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұратылған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты белгiленген мерзiмде ұсынбаса, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтiнiмге мәнi бойынша жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде өтiнiм берушi сұраған көлемдегi құқықтық қорғау мәлiмделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, белгiленген басымдықты көрсете отырып, патент беру туралы шешім беріледi.
Патент беру туралы шешiм өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде өнеркәсіптік үлгіге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Егер өтінім өнеркәсіптік үлгілер ретінде қорғалмайтын объектілерге жататын болса немесе өнеркәсiптiк үлгiнің бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оларға қатысты қарау өткiзiлмесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Өтiнiм берушi сараптама ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне жiберiлген күнінен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылықты келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзiмде қарауға тиiс.
7. Өтiнiм берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң сұратқан материалдарының көшiрмелерiн сұрау алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.
8. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған кезде сараптама ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы