64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
1. Мемлекеттiк монополияға:
1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) мыналар:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.
2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.
3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың объектілеріне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы