104-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобалардың сараптамасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
Жобалар сараптамасының мынадай түрлері мемлекеттік монополияға жатады:
1) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы, ол:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің екінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, құрылыс объектілерін реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру;
мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу;
құпиялылық белгісі бар немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгі бар құрылыс жобалары;
үлгілік жобалар үшін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы