3-1-бап. Сараптама ұйымы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
2) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердiң атауларын, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды жүзеге асырады;
3) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тіркейді;
4) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмін және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімін, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер береді;
6) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлердің атауларының мәліметтерін мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерін,географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы