Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 74-бап. Сараптама комиссиясы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

74-бап. Сараптама комиссиясы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

74-бап. Сараптама комиссиясы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 73-бабының 19-тармағында көрсетілген жағдайда сараптама комиссиясының отырысын өткізуге арналған өтінішті және қайталама қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы өкілінің төрағалық етуімен сараптама комиссиясын құрады;

      2) сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсер ету туралы есептің пысықталған жобасының және бастапқы және қайтадан қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмесін жібереді;

      3) сараптама комиссиясының отырысын өткізу күнін тағайындайды.

      Сараптама комиссиясын қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдарға шақыру жібереді. Сараптама комиссиясының түпкілікті құрамына сараптама комиссиясының жұмысына қатысуға өзінің ниетін жазбаша растаған аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан бір-бір өкілден енгізіледі.

      2. Сараптама комиссиялары ықтимал әсер ету туралы есептің әрбір жеке жобасын қарау үшін шақырылатын, алқалы, консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

      3. Сараптама комиссиялары осы Кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      4. Мыналар:

      1) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өкілінің атынан сараптама комиссиясының төрағасы;

      2) әрбір мүдделі мемлекеттік органнан бір-бір өкіл;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір өкілі;

      4) сараптамалық комиссияның жұмысына қатысуға ниет білдірген аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың өкілі сараптама комиссиясының мүшелері болып табылады.

      5. Бастамашы, сараптама комиссиясының мүшелері сараптама комиссиясының отырысына сараптама қоғамдастығы өкілдерінің (ғылыми жұмыскерлер, танылған практик-мамандар) қатарынан сараптама комиссиясының қарауына жататын мәселелер бойынша тиісті кәсіптік білімі мен практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшыларды шақыруға құқылы. Сараптама комиссиясының отырысына шақырылған тәуелсіз сарапшылар сараптама комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өздерінің кәсіптік білімі мен практикалық тәжірибесі шеңберінде өзінің тәуелсіз пікірін ұсынады және олардың сараптама комиссиясының дауыс беруіне қатысуға құқығы жоқ.

      6. Сараптама комиссиясының отырысы сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелері жіберілгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      7. Сараптама комиссиясының мүшелері ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелерін алғаннан кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сараптама комиссиясының барлық мүшесі төрағаға сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.

      8. Сараптама комиссиясының төрағасы бастамашыны сараптама комиссиясы отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етеді және оған отырыс басталар күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын береді.

      9. Сараптама комиссиясының отырысы қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының бастамашысы мен құрастырушысының қатысуымен өткізіледі.

      10. Сараптама комиссиясының отырысы барысында:

      1) ықтимал әсер ету туралы есептің бастамашысы және құрастырушысы:

      белгіленіп отырған қызметке;

      оның қоршаған ортаға күтілетін елеулі әсер етуіне және осындай әсер етуді болғызбау, қысқарту және (немесе) жеңілдету бойынша қажетті шараларға;

      ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоғамдық тыңдаулар шеңберінде алынған ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықтау үшін қабылданған шараларға;

      ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қоғамдық тыңдаулар барысында ұсынылған, ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде ескерілген ұсыныстар мен ескертпелерге;

      қоғамдық тыңдаулар барысында ұсынылған, бірақ ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде ескерілмеген даулы ескертпелер мен ұсыныстарға және осындай ескертпелер мен ұсыныстардың ескерілмеу себептеріне қатысты баяндама жасайды;

      2) сараптама комиссиясының мүшелері, ықтимал әсер ету туралы есептің бастамашысы мен құрастырушысы сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша талқылау жүргізеді, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірін тыңдайды;

      3) сараптама комиссиясы белгіленіп отырған қызметке және оның қоршаған ортаға ықтимал әсер етуіне байланысты даулы мәселелер бойынша және осыған байланысты ықтимал әсер ету туралы есеп жобасын пысықтаудың қажет немесе қажет емес екені туралы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.

      11. Сараптама комиссиясының шешімдері сараптама комиссиясының барлық мүшесінің кемінде үштен екісімен қабылданады және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасында тіркеледі.

      Сараптама комиссиясының шешімін қабылдауға қарсы дауыс берген сараптама комиссиясының мүшелері даулы мәселе бойынша ерекше пікір жасауға құқылы, ол сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      12. Сараптама комиссиясының отырысы басталған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.

      Сараптама комиссиясы отырысының нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы жасалады, онда сараптама комиссиясы мүшелерінің, есептің бастамашысы мен құрастырушысының отырыс кезінде айтылған барлық ескертпесі мен ұсынысы, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімдер көрсетіледі. Хаттамаға сараптама комиссиясының төрағасы мен отырысқа қатысқан барлық мүшесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қол қояды.

      13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптама комиссиясы отырысының хаттамасын ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бойынша қорытынды дайындау процесінде қарайды.

      14. Сараптама комиссиясы ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашыға есептің жобасын пысықтауға жібереді, содан кейін осы Кодекстің 73-бабының ережелері қайтадан қолданылады.

      15. Сараптама комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ жариялылығына осы Кодексте кепілдік берілетін экологиялық ақпаратты қоспағанда, сараптама комиссиясының жұмысы шеңберінде өздері алған, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

      Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

11-бап. Бағалау туралы есептің сараптамасы Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

11-бап. Бағалау туралы есептің сараптамасыҚазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы      1. Бағалау объектісінің бағалау туралы есепте белгіленген нарықтық немес...

Толық оқу »

110-бап. Жобалау саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

110-бап. Жобалау саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      Жобалау саласындағы сарапшылар оларды басқа сараптама ұйымымен немесе мемлекеттік сарапт...

Толық оқу »

23-3-бап. Сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ Тұқым шаруашылығы туралы

23-3-бап. Сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақТұқым шаруашылығы туралы      1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының пате...

Толық оқу »

139-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

139-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкод...

Толық оқу »

64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Құрылыс объектілерін ж...

Толық оқу »

12-бап. Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

12-бап. Сарапшылық кеңесҚазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы      1. Сарапшылық кеңес бағалаушылар палатасының органы болып табылады, оның құрылу және қызме...

Толық оқу »

8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама  3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы    1. Өтінім...

Толық оқу »

24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 1. Ядролық қауі...

Толық оқу »

11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшыларСәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы      1. Аккредиттеу, сәйкест...

Толық оқу »

239-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

239-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Тіркеу дерекнамасының ма...

Толық оқу »

11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі  3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған же...

Толық оқу »

373-бап. Сот талқылауындағы сараптама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

373-бап. Сот талқылауындағы сараптама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот тараптардың өтiнiшхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайынд...

Толық оқу »

Лауазымды нұсқаулық Сарапшы

Лауазымды нұсқаулықСарапшыға Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленд...

Толық оқу »

23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған өтiнiмге сараптама  Қазақстан Республикасының Патент Заңы

23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған өтiнiмге сараптама Қазақстан Республикасының Патент Заңы      1. Сараптама ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-ба...

Толық оқу »

26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметіМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Сыртқы мем...

Толық оқу »

22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын сараптама  Қазақстан Республикасының Патент Заңы

22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын сараптама Қазақстан Республикасының Патент Заңы      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-...

Толық оқу »

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы ...

Толық оқу »

3-1-бап. Сараптама ұйымы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

3-1-бап. Сараптама ұйымы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы      1. Қазақстан Республик...

Толық оқу »

373-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің сот талқылауындағы сараптама

373-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот талқылауындағы сараптамаТараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сот сараптама тағай...

Толық оқу »

757-бап. Сарапшы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

757-бап. Сарапшы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн....

Толық оқу »

35-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

35-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Медициналық көрс...

Толық оқу »

92-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

92-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экология...

Толық оқу »

44-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы сараптама Қазақстан Республикасының Су кодексі

44-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы сараптама Қазақстан Республикасының Су кодексі 1. Су қорын қорғау және пайдалану саласында мынадай сараптама түрлері жүргізі...

Толық оқу »

94-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

94-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан өз...

Толық оқу »

24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама  Қазақстан Республикасының Патент Заңы

24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама Қазақстан Республикасының Патент Заңы      1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша ресми сараптама...

Толық оқу »

89-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

89-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптам...

Толық оқу »

104-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобалардың сараптамасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

104-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобалардың сараптамасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      Жобалар сараптамасының мынадай түрлері мемлекеттік монополия...

Толық оқу »

Лауазымды нұсқаулық   Көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы

Лауазымды нұсқаулықКөтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыға Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2...

Толық оқу »

18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларСауда қыз...

Толық оқу »

17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасыСәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы      1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептеле...

Толық оқу »

Лауазымды нұсқаулық Автотехникалық сараптама жөніндегі маман (Сарапшы-автотехник)

Лауазымды нұсқаулықАвтотехникалық сараптама жөніндегі маманына (Сарапшы-автотехник) Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020...

Толық оқу »

139-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамасы

139-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сарапт...

Толық оқу »

4-1-бап. Сараптама ұйымы Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

4-1-бап. Сараптама ұйымы Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығ...

Толық оқу »

64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

   64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттiк моноп...

Толық оқу »

100-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары Қазақстан Республикасының Экология кодексі

100-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар және...

Толық оқу »

10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы      Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 79-бабына түсініктеме. Сарапшы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 79-бабына түсініктеме. Сарапшы1. Сарапшы ретінде іске мүдделі емес, арнайы ғылыми білімі бар адам шақырылуы мүмкін. Сарап...

Толық оқу »