23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған өтiнiмге сараптама Қазақстан Республикасының Патент Заңы
1. Сараптама ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2 және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi. Егер өтiнiм осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.
Сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi, пайдалы модельдің басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледі.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2, 3, 4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, сараптама ұйымы пайдалы модельге патент беру туралы шешім қабылдайды.
Сараптама ұйымының патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы