44-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы сараптама Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Су қорын қорғау және пайдалану саласында мынадай сараптама түрлері жүргізіледі:
1) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (бұдан әрі – ведомстводан тыс кешенді сараптама);
2) жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптама;
3) мемлекеттік экологиялық сараптама;
4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама.
2. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалауға арналған бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау, сондай-ақ жобалау шешімдері мен есептеулерінде қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау жолымен жобалардың сапасына талдау мен бағалауды жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
Бөгеттерді салуға немесе реконструкциялауға арналған жобалау құжаттамасы олардың гидравликалық модельдік зерттеулерінің нәтижелері болған кезде немесе мұндай зерттеулердің қажетсіздігін негіздеген кезде ғана сараптамаға ұсынылуы мүмкін.
Ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
3. Жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi:
халықтың ауыз су мен шаруашылық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;
сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы