Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

Ескерту. 36-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      1. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:

      коллекторлық агенттікке;

      банкке;

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;

      бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына;

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

      секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;

      акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;

      қаражатты банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;

      жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша, заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген қарыздар бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:

      құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;

      құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;

      егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.

      Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымның меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;

      2) қызметті:

      банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;

      коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;

      3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;

      4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;

      5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде, сервистік компанияға берілуі мүмкін.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

      Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не оны осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.

      Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.

      Осы тармақтың талаптары:

      1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талапты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.

      4-1. Басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:

      1) мыналарды:

      осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші, сегізінші және (немесе) тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларды және Қазақстанның Даму Банкін;

      осы Заңның 61-10, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді қоспағанда, пайдасына банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нәтижелері бойынша айқындалады;

      2) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 4-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-2-тармақтың қолданысы 01.05.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңымен.

      4-2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

      5-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.

      6. Бір қарыз алушыға қатысты банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

      7. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі – басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:

      1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы кредитордың көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы хабардар етуге;

      2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда – сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;

      3) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:

      банктік қарыз шартын;

      кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);

      кепілгерлік немесе кепілдік шартын (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);

      құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;

      қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);

      қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;

      кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);

      басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.

      Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өздерінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.

      Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;

      4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.

      8. Өзіне банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, қайта беруіне тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокатқа, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғауды не өкілдікті ж...

Толық оқу »

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері ҚК-нің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері ҚК-нің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің ж...

Толық оқу »

33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері...

Толық оқу »

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жа...

Толық оқу »

408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өмiрiне қол сұғуу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ...

Толық оқу »

Жалоба в Специализированный межрайонный следственный суд на бездействие органа досудебного расследования

Жалоба в Специализированный межрайонный следственный суд на бездействие органа досудебного расследованияПредседателю Специализированного межрайонногоследственного суда города...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аудан прокурорына заңдылықты бұзғаны үшін шағым.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аудан прокурорына заңдылықты бұзғаны үшін шағым.Алматы облысы Талғар ауданының прокурорынаЕ. БекмановқаUC күдіктіні...

Толық оқу »

302-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі және әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

302-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі және әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болма...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулының күшін жою туралы прокурорға шағым

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулының күшін жою туралы прокурорға шағымАлматы қаласы ауз ауданының прокурорынаР. Шардиновқақорғаушы Д-Ы Қосаевна Р-иевад...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуына шағым

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуына шағым Алматы қаласының прокурорынақорғаушылардан Саржанова г. Т., Нығметова С. Д.сотқа дейінгі терге...

Толық оқу »

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уәжд...

Толық оқу »

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктеріКоллекторлық қызмет туралы Заңы      1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер-жеке тұлғаға және...

Толық оқу »

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

Егер кеден заңнамасында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса, декларанттың хабарламаға дау айту туралы өтініші қараусыз қалдырылуға тиіс

Егер кеден заңнамасында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса, декларанттың хабарламаға дау айту туралы ө...

Толық оқу »

300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыст...

Толық оқу »

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қорқыту немесе күш...

Толық оқу »

Қылмыстық сот ісін жүргізу сатысында олардың жол берген заңдылық нормаларын бұзуына байланысты жеке қаулылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына шығарылды

Қылмыстық сот ісін жүргізу сатысында олардың жол берген заңдылық нормаларын бұзуына байланысты жеке қаулылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына шығарылдыНегізінен...

Толық оқу »

547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дей...

Толық оқу »

156-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы мiндеттеме ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

156-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы мiндеттеме ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтартпау ш...

Толық оқу »

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейін...

Толық оқу »

Анықтаушыға қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулымен танысу туралы өтінішхат

Анықтаушыға қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулымен танысу туралы өтінішхатТүрксіб ауданы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысына ПДАлматы қ. Аб...

Толық оқу »

189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысаны...

Толық оқу »

623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423 бабы бойынша адвокаттарды жауапқа тарту мәселесі бойынша Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының позициясы

"Бейресми аударма""Бекітілген"Республикалық адвокаттар алқасыТөралқасының Шешімімен2025 жылғы 23 қаңтардағыСотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткені үшін Қазақстан Респ...

Толық оқу »

549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республика...

Толық оқу »

623-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған кінәні тану туралы процестік келісіммен келіп түскен іс бойынша іс-қимылдары

623-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған кінәні тану туралы процестік келісіммен келіп...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың бұзылуына шағым.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың бұзылуына шағым.Назар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың не...

Толық оқу »

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот төрелiгiн жүзеге асыруғ...

Толық оқу »

Тергеушіге прокуратураға сотқа дейінгі тергеу органдарының жауап алу және беттестіру жүргізу туралы міндеттемесін жүктеу туралы шағым

Тергеушіге прокуратураға сотқа дейінгі тергеу органдарының жауап алу және беттестіру жүргізу туралы міндеттемесін жүктеу туралы шағымАлматы қаласы Бостандық ауданының прокурат...

Толық оқу »

550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Біры...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың бұзылуына шағым туралы

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың бұзылуына шағым.Назар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың не...

Толық оқу »

Тергеу судьясының қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңдерінде өзге де процестік әрекеттерді санкциялау туралы өтінішхаттарды және шешімдерді қарауы

Тергеу судьясының қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңдерінде өзге де процестік әрекеттерді санкциялау туралы өтінішхаттарды және шешімдерді қарауыҚІЖК жобасының 55-бабында...

Толық оқу »

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотқа дейінгі те...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталмаған жағдайда соттардың талап арыздарды қайтаруы

Сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталмаған жағдайда соттардың талап арыздарды қайтаруыАІЖК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, егер талапкер істердің осы сана...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде салық істерімен хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде салық істерімен хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады.Салықтық тексерулерді тағайындау рәсімін, жүргізу және аяқ...

Толық оқу »

190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқта...

Толық оқу »

14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы

14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шараларЖобалық қаржыландыру және секьюритилендiру тур...

Толық оқу »

Мысал сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталған кезде, бұл талап арызды қабылдауға және қарауға негіз болды

Мысал сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталған кезде, бұл талап арызды қабылдауға және қарауға негіз болдыМәселен, А. к ЖШС-нің жұмысқа қайта орналасу және мәжбүрлі сабаққ...

Толық оқу »

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-те...

Толық оқу »

Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясында дауды сотқа дейінгі реттеудің міндетті тәртібі

Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясында дауды сотқа дейінгі реттеудің міндетті тәртібіЕңбек кодексінің 170 - бабының 1-2-тармақтарына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу ко...

Толық оқу »

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзі...

Толық оқу »

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi...

Толық оқу »

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақтау талап етілмейді.

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақ...

Толық оқу »

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтару

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтаруӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын...

Толық оқу »