47-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет- ресурсында және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында және "электрондық үкімет" веб-порталында:
1) өздеріне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
2) өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін орналастырады.
Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімінің күші жойылған жағдайларда, азамат тізімнен шығарылады.
2. Осы бапта көзделген азаматтардың тізімі ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей жаңартылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы