68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметін тоқтату, оны жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімді мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтату осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, бұрын мемлекеттік лауазымды атқарған Қазақстан Республикасының азаматын мемлекеттік қызметке қайта орналастыру туралы шешім шығарылған күн көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті тоқтату күні болады.
3. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттік қызметшінің жұмысқа шығуы туралы хабарлама (өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Негізгі мемлекеттік қызметші болмаған кезеңде уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарған мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті тоқтату туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
4. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) немесе басқа лауазымға сайлау (тағайындау) актісі негізінде жүзеге асырылады.
Хабарлама осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Хабарламаны және басқа лауазымға сайлау немесе тағайындау актісін ұсынбау жұмыстан шығарудан (өкілеттігін тоқтатудан) бас тартуға негіз болмайды.
5. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік органды тарату (жою), мемлекеттік органның штат санын қысқарту туралы шешім негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның таратылатыны (жойылатыны), мемлекеттік органның штат санының қысқартылатыны туралы мемлекеттік қызметті тоқтату күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде мемлекеттік қызметті тоқтатуға жол беріледі.
6. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) негізінде өз еркімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) күнінен кемінде бір ай бұрын жүргізіледі. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.
Тараптардың өзара келісуімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабарламаның (өтініштің) мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Хабарламаны (өтінішті) мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі ішінде кері қайтарып алуына болады.
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы қаралған, материалдық жауапты адам болатын мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтамаған жағдайлардан басқа, мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысын тоқтатуға құқылы.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтаған, оның тәртіптік жауаптылығы туралы шешім шыққан күн жұмыстан шығару күні болып саналады. Жұмыстан шығару күні мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама (өтініш) берген күннен бастап екі айдан кеш болмауға тиіс.
7. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) лауазымдық өкілеттік мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
8. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабарлама жіберіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Осы тармақтың ережелері саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
9. Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанын, одан айырылғанын не шыққанын растайтын мәліметтер және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) оның шет мемлекеттің азаматтығын тоқтату туралы өтінішхат бергенін растайтын мәліметтер болған жағдайды қоспағанда, оның шетел азаматтығы бар екенін растайтын мәліметтер және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
10. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымды басқа мемлекеттік лауазымға өзгерту туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.
Жұмыстан шығару мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартуды ұсынған не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
11. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларға берілген рұқсатты тоқтату туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
12. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мәліметтерді жария еткені туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
13. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нәтижелерінің қанағаттанарлықсыз болғаны туралы шешім негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
14. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің ротациялаудан бас тартуы негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
15. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты не мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде не осы Заңның 53-бабында көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайлары салдарынан мемлекеттік лауазымнан босатылған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
16. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымға орналасу кезіндегі талаптарға сай еместігі туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
17. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметші жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.
18. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) сот қаулысы немесе үкімі шыққаны, қылмыстық істің тоқтатылғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
19. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
20. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) адамның мемлекеттік лауазымға қабылданғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
21. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) шектеулердің сақталмағаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
22. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
23. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) ақпараттың берілмегені немесе қасақана бұрмаланғаны туралы мәліметтердің және осындай мәліметтерді қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
24. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) кірістер мен мүлік туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынылғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
25. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мүліктің сенімгерлік басқаруға берілмегені туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
26. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) осы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген кәсіпкерлік қызметті тоқтату және (немесе) мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралардың қабылданбағаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
27. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
28. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жазаны қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 29-тармақ 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.
29. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 27) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметші шығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмейтіні туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
30. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбек шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
31. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) конкурс қорытындыларының, әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актінің күші жойылғаны туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
32. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.
33. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 15) және 16) тармақшаларында, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыз болған (оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты), демалыста болған кезеңде оны жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
68-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына "Б" корпусының кадр резервінде болудың бір жылдық мерзімі өткенге дейін конкурс өткізілмей тағайындалуы мүмкін.
2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы