Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға кімге болса да кез келген жәрдем көрсету мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық болып табылады.

Талдау көрсеткендей, жұмыс берушілер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын мазмұны жағынан ажыратпайды және қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде оған екі тармақшаны да телиді. Кейбір соттар дауларды шешу кезінде осы қателікті қайталайды.

С. «Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ басшысы лауазымын атқарған. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2021 жылғы 2 маусымдағы бұйрығымен С.-ға «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Қызметтік тергеп-тексеру барысында Басқарма тарапынан «Б» ЖШС-нің атына 9,6 млн теңге сомасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгені, оны орындамауына байланысты аталған заңды тұлғаның шығыс операциялары тоқтатылғаны анықталған.

ЖШС басшылығы берешекті төлеуді қаламай, шотта тұрған ақша қаражатын кейіннен шығару үшін шектеулерді алып тастау жолдарын іздей бастаған, осы мақсатта ЖШС директоры С.-ға жүгінген.

С. ЖШС директорына шотты бұғаттан шығарып, ондағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді түсіндірген, кейіннен өзінің қарамағындағы қызметкерлеріне ЖШС-ге шектеулерді алып тастауға жәрдем көрсетуді тапсырған. Нәтижесінде ЖШС салық берешегін өтегенге дейін шоттағы ақша қаражатын шешіп алуға мүмкіндік алған.

Бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар талап қоюшының әрекеттерінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәртіптік теріс қылық белгілері бар екендігімен келіскен.

Алайда бұл жағдайда С.-ның әрекеттері аталған норманың 5) тармақшасының мазмұнымен толық қамтылады. Шешім қабылдау кезінде талап қоюшы «Б» ЖШС-не артықшылық берген жоқ, өйткені бас тартылған басқа тұлға болмаған.

Соттылық

Азаматтық процестік кодекстің 26-бабына сәйкес осы санаттағы азаматтық істерді аудандық және оларға теңестірілген соттар қарайды.

М. Шығыс Қазақстан облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюмен жүгінген.

Өскемен қалалық сотының 2021 жылғы 26 тамыздағы ұйғарымымен талап қою мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың соттауына жататындығына байланысты қайтарылған.

Апелляциялық сатыдағы сот төмендегідей негіздер бойынша сот ұйғарымының күші жойылуға жатады деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 102-бабының 2-бөлігіне сәйкес соттарға әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар сотталады. ӘРПК-нің 3-бабы 7-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

Жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар – жария-құқықтық қатынастар субъектілері, билік пен бағыныстылық қатынастарындағы тараптардың арасындағы даулар, мұнда тараптардың біреуі екінші тарапқа қатысты жария өкілеттіктерге ие болады.

Ал М. мәлімдеген талаптың нысанасы еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны және моральдық зиянды өтеуді өндірумен байланысты еңбек дауы болып табылады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының осы мәселе бойынша ұстанымын дұрыс деп тану қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы да осы ұстанымды ұстанады. Оның 2022 жылғы 18 тамыздағы № 6ап/431 қаулысымен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы ұйғарымы және Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 қаңтардағы ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Аталған сот актілерімен М.-ның «Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жасалған қорытындыны және тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талабы ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде – істің әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтындығына байланысты қайтарылған.

Жергілікті соттардың сот актілерін күшінде қалдыра отырып, кассациялық сатыдағы сот төмендегіні көрсеткен.

ӘРПК-нің 4-бабының 9) тармақшасының ережелеріне сәйкес әкімшілік талап қою (талап) – жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап.

Дауланып отырған қорытынды мен тәртіптік комиссияның шешімі жария-құқықтық қатынастар шеңберінде қабылданған мемлекеттік органның әкімшілік актілері болып табылмайды, талап қоюшы үшін құқықтар мен міндеттер туындатпайды және ұсынымдық сипатқа ие.

Сонымен қатар, аталған құжаттар талап қоюшының атқарып отырған лауазымынан босату туралы бұйрыққа дау айтуы кезінде сот актілерінде дәлелдемелер ретінде бағалау нысанасы болған.

Осы санаттағы даулардың соттылығы Азаматтық процестік кодекстің 29-бабында белгіленген жалпы қағидалар бойынша айқындалады – талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы К.-ның Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ҚР) тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою туралы талабы бойынша Өскемен қалалық сотының шешімін істің жауапкер орналасқан Астана қаласындағы сотта қаралуға жататындығына байланысты күшін жойған.

АПК-нің 30-бабы 12-бөлігіне сәйкес бірнеше жауапкерге қойылатын талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

Е. сотқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі полиция департаменті» РММ-не және «Қандыағаш станциясының полиция бөлімі» ММ-не бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен жүгінген.

Мұғалжар аудандық сотының ұйғарымымен іс жауапкер – Көліктегі полиция департаментінің орналасқан жері бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына соттылығы бойынша жіберілген.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жоя отырып, апелляциялық сот іс бойынша екінші жауапкер талап қоюшы еңбек қатынастарында тұрған «Қандыағаш станциясының полиция бөлімі» ММ екенін, сондықтан талап қоюшының талап қоюды жауапкерлердің бірінің орналасқан жері бойынша беруі оның құқығы болып табылатынын көрсеткен.

 Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден талап қоюшылар – еңбекақы сомаларын өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты өзге де талаптар бойынша босатылады.

Осыған байланысты бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ өзге де төлемдерді (төленбеген жалақыны, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және т.б.) өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшы мемлекеттік баж төлемейді.

Сонымен бірге, еңбек заңнамасында моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу мүмкіндігі көзделмегенін ескеру қажет. Мұндай талаптарды қанағаттандыру кезінде соттар Жоғарғы Соттың «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын және Азаматтық кодекстің 47-тарауының нормаларын (951, 952-баптар) басшылыққа алады. Осыған байланысты моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талапты қамтитын талап қою арыздарынан мүліктік емес сипаттағы талап ретінде айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Азаматтық процестік кодекстің 117-бабына сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ істі жүргізуге байланысты шығындар сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден талаптың қанағаттандырылған бөлігіне толық немесе пропорционалды түрде мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Жоғарғы Соттың «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес мемлекеттік баж мөлшерлемесі талап қоюшының жеке немесе заңды тұлға болуына қарай айқындалады.

Осыған байланысты жалақыны өндіріп алу туралы талап қанағаттандырылған жағдайда жауапкерден мемлекет кірісіне талап қою сомасының 1 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж, сондай-ақ барлық мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша АЕК-тің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынуға жатады.

АПК-нің 109-бабына сәйкес шешім пайдасына шығарылған тарапқа сот басқа тараптан іс бойынша шеккен барлық сот шығындарын тағайындайды.

Заңды тұлғаның қызметкерге материалдық зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылған жағдайда қызметкерден талап қоюшының пайдасына талап қоюшы төлеген талап қою сомасының 3 пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік баж өндіріп алынуға жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтік қаулысымен Салық кодексінің 610-бабы 2-тармағының «осындай даулар бойынша әкімшілік талап қоюды, талап қою арызын (арызды) беру кезінде» деген сөздері Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына және 14-бабына сәйкес келмейді деп танылды, өйткені олар әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға арналған конституциялық құқығын кемсітуге және шектеуге алып келеді.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы № 213-VII ҚРЗ Заңымен Салық кодексінің 610-бабына өзгерістер енгізіліп, оның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылды:

«Аралық сот шешімдерінің күшін жою және аралық соттардың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға атқарушылық парақтарды беру мәселелері бойынша ұйғарымдарға, сондай-ақ мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж өтінішхат беруші субъект үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады».

Бұдан қызметкер – жауапкерден материалдық зиянды өтеу туралы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берілген кезде жеке тұлғалар үшін белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынуға жататыны, яғни талап қою сомасының 3 пайызы емес, 1 пайызы мөлшерінде алынатыны туындайды.

Дауды сотқа дейін реттеу тәртібі және сотқа жүгіну мерзімі

Еңбек кодексінің 159-бабында жеке еңбек дауын келісу комиссиясының қарауы арқылы дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу тәртібі көзделген.

Сонымен бірге, аталған нормада бірқатар ерекшеліктер қарастырылған.

Осы Кодексте айқындалған тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін келісу комиссиясын құру туралы талап еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жекелеген санаттағы қызметкерлерге, оның ішінде әскери қызметтегілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

Осылайша, заңда мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін еңбек дауларын сотқа дейін шешу тәртібі көзделмеген.

А. сотқа Шығыс Қазақстан облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен жүгінген.

Өскемен қалалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы ұйғарымымен талап қою АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтаруды даудың жауапкердің келісу комиссиясында қаралуға тиіс екендігімен негіздеген.

Сот ұйғарымына шағым жасалмағанымен, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өзінің талдауында дұрыс көрсеткендей, аталған ұйғарым Еңбек кодексінің 159-бабы 1-тармағының талаптарына қайшы келеді.

Өзге ұстанымды Алматы облыстық соты білдірген.

Қонаев қалалық сотының 2022 жылғы 17 тамыздағы ұйғарымымен С.-ның Қонаев (Қапшағай) қаласының әкіміне жұмысқа қайта орналастыру туралы талабы бойынша азаматтық іс АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасы негізінде қараусыз қалдырылған.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 16 қарашадағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Соттар өз шешімдерін Еңбек кодексінің 159-бабының 1 және 2-тармақтарының мәніне сәйкес дауларды келісу комиссиясында міндетті түрде қарау көзделгендігімен негіздеген. Бұл ретте соттар келісу комиссиясын құру туралы талаптың мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайтынын ескермеген.

Павлодар облыстық соты құқық қорғау органдарында келісу комиссияларын құруды заңнамалық деңгейде көздеуді ұсынады, бұл ұжым ішінде туындаған жанжалды жергілікті жерде қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді.

Мұндай ұсыныс даулы болып көрінеді, өйткені «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес құқық қорғау қызметінің арнайы қағидаттарының бірі дара басшылық және субординация (бағыныстылық) қағидаты болып табылады, бұл құқық қорғау органының қатардағы қызметкерлері мен басшыларының арасынан тең негізде келісу комиссиясын құру мүмкіндігін жоққа шығарады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 4-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдерді бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін орындаудың міндеттілігі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін дауды шешудің міндетті сотқа дейінгі тәртібі ретінде бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамдарға, жоғары тұрған органдарға жүгінуді енгізу туралы ұсынысымен келісуге болады. Қазіргі уақытта мұндай құқық балама ретінде көзделген («Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 15-бабының 11) тармақшасы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабының 5-тармағы).

Еңбек кодексінің 160-бабына сәйкес осы Кодекске сай жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясына жүгінбестен сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленген:

жұмысқа қайта орналастыру туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесін табыс еткен немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген күннен бастап үш ай;

басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған қызметкер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығымен С. ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Талап қоюшы сотқа 2022 жылғы 11 ақпанда жүгінген.

Петропавл қаласының № 2 сотының 2022 жылғы 11 наурыздағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының Еңбек кодексінің 160-бабының 1) тармақшасында көзделген сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғаны туралы қорытындыға негізді түрде келген.

Орал қаласының № 2 сотының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен, апелляциялық сатының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Ж.-ның «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

Талап қоюшы 2017 жылғы 24 ақпандағы бұйрықпен жұмыстан босатылуына дау айтқан. Алдын ала сот отырысында жауапкердің өкілі талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхат берген, ал талап қоюшы мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған. Осы мән-жай талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болған.

Талап қою мерзімін қалпына келтіруге негіздердің бар-жоғы туралы мәселені шешу кезінде Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 185-бабын басшылыққа алу қажет деген пікірімен келісу керек.

Нормативтік құқықтық база

Жинақталып отырған санаттағы істерді қарау кезінде қолданылуға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім); Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – АК);

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі);

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі – «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң);

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі – «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң);

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ «Ішкі істер органдары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы, онымен: мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалауды жүргізу қағидалары мен мерзімдері; ротацияны жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары; мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілген;

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары:

2023 жылғы 6 наурыздағы № 4 «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы»;

2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 «Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы мен 2-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы».

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары:

2017 жылғы 6 қазандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы»;

2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы»;

2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы»;

2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңнаманы қолдануы туралы».

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы бұйрығы (бұдан әрі – № 246 Бұйрық). Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды.

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығаруҚұқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын н...

Толық оқу »

49-бап. Қызметтен шығару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

49-бап. Қызметтен шығаруҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:      1) қызметте...

Толық оқу »

26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

26-бап. Әскери қызметтен шығаруӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы     1. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша: 1) әск...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауы

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әр...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы    1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып...

Толық оқу »

62-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

62-бап. Қызметтік тәртіпҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген н...

Толық оқу »

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 43-бап алып тасталды - Қ...

Толық оқу »

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін...

Толық оқу »

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы№6001-24-00-6ап/3265, 2025 жылғы 03 маусымТалапкер: К. К. және К. С.Жауапкер...

Толық оқу »

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды:...

Толық оқу »

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 5...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібіҚызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі және тәртіптік комиссияны қалыптастыру мен оның жұмыс тәртібі Мемлеке...

Толық оқу »

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайды

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайдыИ.сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 45-бабына сәйкес Тәртіптік жаза теріс...

Толық оқу »

63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

63-бап.Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қаз...

Толық оқу »

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тері...

Толық оқу »

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік ком...

Толық оқу »

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың актілерін...

Толық оқу »

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағда...

Толық оқу »

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы05.01.2023 ж. №6001-22-00-6ап/1287Талапкер: Б. А....

Толық оқу »

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіпҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыл...

Толық оқу »

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судья тәртіптік теріс қы...

Толық оқу »

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даулары

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даул...

Толық оқу »

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны 1. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша мерзімді әскери қы...

Толық оқу »

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілі...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту

Тәртіптік жауапкершілікке тарту"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік т...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек дауларыАтап өтетін жайт, аталған істер бойынша талаптардың ныс...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өте...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайдыКӛкшетау облыстық соты мысал ретінде С...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкін

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкінЕңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына және 53-баб...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және...

Толық оқу »

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жас...

Толық оқу »

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салу

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды ос...

Толық оқу »

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын жою және оның мүшелігін қалпына келтіру

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін даулауАталған барлық актілерде, әдетте, мемлекеттік қызме...

Толық оқу »

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызм...

Толық оқу »

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық з...

Толық оқу »

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралы

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралыШымкент қ., Полиция ДепартаментіТұран аудандық Полиция Басқармасынын Тергеу бөлiмiнiң бастығынаСДТБТ: №26...

Толық оқу »

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі.

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі....

Толық оқу »

64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

64-бап.Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айд...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

66-бап.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ет...

Толық оқу »

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Егер судья жаза қолданылған күннен ба...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »