81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы
1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.
2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.
3. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.
4. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі.
5. Өзiнiң қалауымен жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.
6. Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2, 4) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылатын қызметкерлер шығарылатыны не қызметте болудың шекті жасына толғаны туралы шығарылғанға немесе шекті жасқа толғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етiледi.
Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруды қоспағанда, қызметкерлерді демалыстарда және емдеуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.
7. Қызметтен (кеден органдарын қоспағанда) босатылатын қызметкерлерге бiржолғы жәрдемақылар мынадай тәртiппен және мөлшерде төленедi:
күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:
он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қамтылым;
он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қамтылым;
жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қамтылым;
жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қамтылым;
отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым.
8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.
Бiржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетiн лауазымдық айлықақысы, қызметтен босатылған күнгi арнаулы атағы немесе сыныптық шенi үшiн қосымша ақы негiзге алына отырып есептеледi.
Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.
9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алу құқығынсыз қызметтен босату кезiнде бiржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шектi жасына толғаннан кейiн, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшiн қосымша төлемдерi қызметтен босатылған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердiң соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлiмшесi жүзеге асырады.
Бұл ретте, егер көрсетiлген мерзiм iшiнде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшiн қосымша ақылары өсетiн болса, тиiсiнше еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетiн осы қосымша төлем мөлшерi де ұлғаяды.
10. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыстан шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері айлық ақшалай қамтымның екі есе мөлшеріне ұлғайтылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы