729-бап. Жергілікті атқарушы органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75, 138 (екінші бөлігінде), 156, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 199, 204, 205, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 320, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде) 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 451 (он алтыншы бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464, 488-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 204, 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 320, 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 505, 633, 634-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы