⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

      Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады.

      2. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдіктінің жалпы денсаулық жағдайын және дене зақымдануының бар-жоғын анықтау үшін ол осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен куәландырылуға жатады.

      Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);

      3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер;

      4) жеке тінту нәтижелері;

      5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;

      6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;

      7) ұстап алу мерзімі.

      Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.

      Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.

      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.

      4. Мынадай:

      1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;

      2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;

      3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;

      4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;

      5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде;

      6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін.

      Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье  100. Убийство, совершенное при превышении мер, необходимых для задержания лица, совершившего преступление  УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 100. Убийство, совершенное при превышении мер, необходимых для задержания лица, совершившегопреступление УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан У...

Толық оқу »

587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1....

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

Комментарий к статье 88. Основания применения принудительных мер медицинского характера УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 88. Основания применения принудительных мер медицинского характера УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Принудительные меры медицинского хар...

Толық оқу »

91-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

91-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын: 1) есi д...

Толық оқу »

133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық...

Толық оқу »

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы...

Толық оқу »

433-бап. Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

433-бап. Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан Мыналар: 1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық емест...

Толық оқу »

225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер: 1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе...

Толық оқу »

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстің67-бабыныңбірін...

Толық оқу »

262-бап. Үлгiлерді алудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

262-бап. Үлгiлерді алудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер тiрi адамның, мәйiттiң, жануард...

Толық оқу »

Комментарий к статье 485. Основания к пересмотру в порядке судебного надзора судебных приговоров и постановлений, вступивших в законную силу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 485. Основания к пересмотру в порядке судебного надзора судебных приговоров и постановлений, вступивших в законную силуУголовно-процессуального кодекса Рес...

Толық оқу »

103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттiшаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттiшаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыс жасаған адамды...

Толық оқу »

136-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

136-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе со...

Толық оқу »

128-бап. Ұстап алу негіздері  ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

128-бап. Ұстап алу негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу қылмыстық қудалау орган...

Толық оқу »