46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларға қабылдау және тіркеу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау және тіркеу, жеке қарап тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылатын әскери қызметшілерді қабылдау және тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды (қажет болған кезде дактилоскопиялауды және фотосуретке түсіруді) жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Әкімшілік ұстауға алынған адамдардың арнаулы үй-жайларға жабылғаны туралы олардың тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарына, әкімшілік ұстауға алынған әскери қызметшілердің уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылғаны туралы әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығына (бастықтарына) дереу хабарланады.
Шетелдікті арнаулы үй-жайға отырғызған кезде әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
Ескерту. 46-21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы