Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

Талапкер Г. сотқа жауапкер Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі әкімі өкімінің күшін жойып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген күндеріне еңбекақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Сайрам аудандық сотының 2012 жылғы 31 мамырдағы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы сот шешімін күшінде қалдырған. Өз кезегінде облыстық соттың кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Г. өтінішінде іс бойынша қабылданған сот қаулыларымен келіспей, олардың күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы іс бойынша тараптардың түсініктерін тыңдап, прокурордың сот актілерінің күші жойылып, іс қайта қаралуға жолдауға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілерінің күшін жойды. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің (бұдан әрі –АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Аталған іс бойынша осындай кемшіліктерге жол берілген. Талапкер Г. 2005 жылдан бастап Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл округі әкімінің аппаратында хатшы болып қызмет атқарған. Қарамұрт ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 18 өкімімен Г. 2011 жылғы 25 ақпанда жұмыста 4 сағат дәлелсіз себептермен болмады деген негізбен, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54бабының 6) тармақшасы бойынша қызметінен босатылған.

Талапкер Г. сотқа берген талап арызында және сот отырысында берген жауаптарында 2011 жылғы 25 ақпанда күні бойы жұмыста болғанын, тек 2011 жылғы 28 ақпанда, яғни дүйсенбі күні ауыл округінің әкімі С.-ның өзіне көрсеткен теріс қылықтарына шыдамай, әкімнің әрекеттеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Онтүстік Қазақстан облысындағы аумақтық басқармасы - тәртіптік кеңесі төрағасының атына арыз жазып, түске дейін арызды өткізу үшін Шымкент қаласына барып келгенін, ауыл әкімі өзінің теріс қылықтарын тоқтатпағаннан кейін, 18 наурыз күні әкімнің атына 2011 жылғы 1 сәуірден бастап кезекті еңбек дамалысын беру туралы өтініш жазғанын, алайда С. сол күні, яғни 18 наурыз күні қарамағындағы бағынышты адамдарды мәжбүрлеп, Г. 2011 жылғы 25 ақпанда 4 сағат жұмыста болмады деген акт толтыртып, оны жұмыстан шығару туралы өкім шығарғанын көрсеткен. Және егер жұмыста 25 ақпан күні болмасам, мені сол кезде неге жұмыстан шығармады деп сұрақ қойған. Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының негізінде жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін, қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуі қажет.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

Алайда, осы еңбек дауын қараған кезде сот заң талаптарын сақтамаған. Талапкер Г.- ның 28 ақпан күні жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты Шымкент қаласында болдым деген жауабын жоққа шығаратын дәлелдерді жауапкер сотқа ұсынбаған. Бірінші сатыдағы сот, егер талапкер жұмыста дәлелсіз себептермен 2011 жылғы 25 ақпанда болмаса, оны жұмыстан шығару туралы өкімнің неге 2011 жылғы 18 наурызда, яғни 23 күннен кейін қабылданғанын өз шешімінде негіздемеген. Талапкер Г. ауыл әкімі С.-ның өзінің ар-намысына, азаматтық құқықтарына нұқсан келтіретін теріс әрекеттеріне шағымданып, облыстық тәртіптік кеңеске арыз жолдағанын, арыз 2011 жылғы 28 ақпандағы № 42 кіріс нөмірімен қабылданып, тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес аудан әкіміне арыз бойынша кызметтік тексеру жүргізу тапсырылғанын тиісті құжаттармен бекіткен. Ал талапкер Г.- ның нақты 2011 жылғы 18 наурызда ауыл әкімінің атына кезекті еңбек демалысын беру туралы арызбен жүгінгенін, ауыл әкімінің «демалыс емес, жұмыстан шығарамын» деп қоқан-лоқы көрсеткенін теріске шығаратын дәлелдерді жауапкер сотқа ұсынбаған. Тұтастай алғанда, талапкер Г.- ны жұмыстан босату туралы өкім заң талаптарына сәйкес келмейтіндігіне сот сатылары назар аудармаған. 2011 жылғы 18 наурызда өкім шыққаннан кейін, талапкер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекторының атына арызданған. Осы арызды тексеру нәтижесінде талапкерді жұмыстан шығару туралы өкімде Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының, 73-бабы 6-тармағының және 134-бабы 5-тармағының талаптары сақталмағаны анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекторы жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды ескере отырып, Қарамұрт ауылдық округінің әкімі С. талапкер Г.- ны жұмыстан босату туралы өкім қабылдаған кезде Еңбек қатынастары туралы заң талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабының 3-тармағы мен 636-бабының 2-тармағын негізге алып әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған және ауыл әкімі С.-ны аталған кодекстің 87-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тарту, 10 584 теңге айыппұл салу жөнінде қаулы шығарған. Өз кезегінде, әкім жіберілген заң бұзушылықтарды мойындап, 2011 жылғы 25 сәуірде талапкер Г.- ны жұмыстан босату туралы өкімді қайталап қабылдаған. Г. талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот шешімі қабылданғаннан кейін облыстық соттың апелляциялық сот алқасына арызданған. Апелляциялық алқа шағымды қараған кезде, жауапкер талапкер Г.-мен бұрынғы жұмыс орнына қайта қабылдау туралы бітімгершілік келісім жасап, талапкер апелляциялық шағымын кейін қайтарып алған. Қарамұрт ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ф. 2011 жылғы 05 тамызда жеке еңбек шарты бойынша Г.- ны жұмысқа қабылдау туралы өкім шығарған. Алайда, аталған бітімгершілік келісім Еңбек кодексінің талаптарына сай келмейді, себебі, келісім заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, бүгіп қалу (бүркемелеу) мақсатында жасалған. Әкім бұрынғы хатшы К. қызметіне қайта келуіне байланысты деген негізбен, талапкер Г.- ны 2011 жылғы 12 тамызда жұмыстан қайта босатқан. Талапкердің сот шешімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайтадан қарау туралы 2011 жылғы 06 маусымдағы өтініші де қанағаттандырусыз қалдырылған.  Істі қайта қараған кезде бірінші сатыдағы сот пен облыстық соттың алқалары Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының осы іс бойынша 2011 жылғы 06 наурызда қабылдаған қаулысының талаптарын орындамаған. Талапкер Г. 2005 жылдан бастап өзінің қызметін мүлтіксіз атқарған, еңбек міндеттерін орындау кезінде кемшіліктер жібермеген, керісінше, мақтау құжаттары бар. Сонымен қатар, Г. жалғыз басты ана, тәрбиесінде кәмелетке толмаған қызы бар. Бұл ретте сот сатылары Г.-ны жұмыстан шығаруға негіз болған себептерге объективтік баға бермей, жұмыс берушінің тарабынан теріс қылық орын алғанын толық бекітетін дәлелдердің ауырлық дәрежесіне, жасалу жағдайларына тиісінше назар аудармаған, сондай-ақ талапкердің өз қызметтік міндетіне жауапкершілікпен қарайтынын, жеке басы мен жанұя жағдайын ескермей, Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келмейтін әділетсіз шешімдер қабылдаған. Талапкер Г. өзінің 2011 жылғы 25 ақпанда жұмыста болмағанын бекітетін актіге қол қойған азаматтар ауыл әкімдігінде жұмыс істейтіндіктерін, сондықтан әкімнің айтқанын орындағанын көрсеткен. Сот куәлар С., М., Т.-ның жауаптарына объективтік баға бермеген. Куәлар бірінші сот отырысында талапкер Г.- ның 25 ақпан күні жұмыста болғанын көрсетсе, екінші сот отырысында жауаптарын өзгертіп, басқа түсініктер берген. АІЖК-нің 218, 219-баптарының талаптарына сәйкес, сот шешімі заңды әрі негізді болуы қажет. Сот шешімінде талап арызды бекітетін немесе жоққа шығаратын дәлелдерге, даулы қатынастарды реттейтін заң нормаларына сілтеме жасала отырып, объективтік түрде құқықтық баға берілуге тиіс. Еңбек қатынастарынан туындаған осы азаматтық істі қараған кезде сот сатылары талаптың нысанасы мен негіздерін толық анықтамай, даудың мәніне біржақты қараған.

Сонымен қатар, талап арыздың амалсыз бос жүрген күндеріне орташа айлық еңбек ақысын өндіру туралы бөлігін бірінші сатыдағы сот мүлде тексермеген. Іс бойынша жиналған дәлелдемелердің ішінде талапкердің орташа айлық еңбек ақысының мөлшері туралы анықтама жоқ. Талапкердің және оның сенімді өкілінің осы мәселе бойынша тиісті құжаттарды сұратып алдыру туралы өтініштері негізсіз қанағаттандырусыз қалдырылған. Жоғарыда көрсетілген жағдайларды басшылыққа ала отырып, қадағалау сот алқасы іс бойынша қабылданған сот қаулылары қолданыстағы материалдық және процессуалдық заңдардың талаптарына толығымен сай келмейді, сондықтан олардың күші жойылуға жатады деген қорытындыға келді.Талап арыздың бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру жөніндегі бөлігі бойынша іске тіркелген дәлелдемелердің жеткілікті болуына байланысты түпкілікті шешім қабылдау үшін (аталған азаматтық іс соттарда екі жылға жуық қаралған) толық негіз болғандықтан, талап арыздың осы бөлігі бойынша Г.-ны бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру туралы жаңа шешім қабылдады. Ал талапкердің амалсыз бос жүрген күндеріне орташа айлық еңбек ақысын өндіру туралы талабы аудандық сотқа басқа сот құрамда қайта қаралуға жолданады, себебі, талап арыздың осы бөлігіне қатысты мәнжайларды бірінші сатыдағы сот толық, объективті түрде тексермеген, шешім қабылдауға негіз болатын дәлелдемелерді келтірмеген. Сот істі қайта қараған кезде іс жүргізу заң талаптарын толығымен сақтай отырып, заңды әрі әділетті шешім қабылдауға тиіс.     

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.      2....

Толық оқу »

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша...

Толық оқу »

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскерді...

Толық оқу »

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) ж...

Толық оқу »

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздері

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздеріЖұмыскермен...

Толық оқу »

Еңбек заңнамасын және азаматтардың еңбек даулары бойынша құқықтарын бұзу

Еңбек заңнамасын және азаматтардың еңбек даулары бойынша құқықтарын бұзуСот практикасын талдау көрсеткендей, еңбек даулары әлі де істердің әлеуметтік маңызды санаттарының бірі...

Толық оқу »

693-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

693-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге...

Толық оқу »

169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Татуластыру комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөнін...

Толық оқу »

15-бап. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы

15-бап. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандартыЕң төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы      "Жыл сайынғы негізгі...

Толық оқу »

166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі ...

Толық оқу »

Еңбек өтілі фактісін анықтау.

Еңбек өтілі фактісін анықтау.Ең көп тарағаны-әдетте зейнетақы тағайындау, жалақыға пайыздық үстемеақы есептеу, еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақы төлеу және т. б. үші...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:      1) адам м...

Толық оқу »

214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау орг...

Толық оқу »

90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қол...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша - еңбек шартын тоқтату жөніндегі бұйрықтарды заңсыз деп тану

Еңбек даулары бойынша - еңбек шартын тоқтату жөніндегі бұйрықтарды заңсыз деп тануТалап қоюшылар А., Е., П., У. жауапкер «К» ЖШС-ға еңбек шартын тоқтату жөніндегі бұйрықтарды...

Толық оқу »

91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бері...

Толық оқу »

187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші:     ...

Толық оқу »

Зейнетақыны ресімдеу заңды маңызы бар фактіні анықтау кезінде еңбек өтілін есептеу туралы өтініш

Зейнетақыны ресімдеу заңды маңызы бар фактіні анықтау кезінде еңбек өтілін есептеу туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжат...

Толық оқу »

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралы

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралыБ. "В" АҚ-ға 2019 жылғы 25 қыркүйектегі еңбек шартын бұзу туралы бұйрықт...

Толық оқу »

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскерлерді...

Толық оқу »

190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Ж...

Толық оқу »

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта ор...

Толық оқу »

187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері Қазақстан Республикасының Еңб...

Толық оқу »

20-бап. Еңбек мобильділігі орталығының құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

20-бап. Еңбек мобильділігі орталығының құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Еңбек мобильділігі орталығы: 1) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайд...

Толық оқу »

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға оны сақтандыру жағдайы деп тануға негіз болып табылады

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға оны сақтандыру жағдайы деп тануға негіз болып табыладыЕңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін ТК-нің 186-бабының тәртібі...

Толық оқу »

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріл...

Толық оқу »

208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағ...

Толық оқу »

106-бап. Еңбек делдалдығын көрсету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

106-бап. Еңбек делдалдығын көрсету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Мансап орталықтарына және (немесе) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне жүгінген жұмыс із...

Толық оқу »

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодекс...

Толық оқу »

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1048 26.10.2023 ж.Талапкер: "...

Толық оқу »

148-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбек заңнамасын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

148-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбек заңнамасын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату, жұмыста қалпына келтіру туралы со...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығы

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығыАзаматтық процестік кодекстің 26-бабына сәйке...

Толық оқу »

153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды а...

Толық оқу »

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттам...

Толық оқу »

189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны те...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезін...

Толық оқу »

696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру еңбек инспекциясы актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру еңбек инспекциясы актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1048 26.10....

Толық оқу »

Адам саудасына байланысты қылмыстарды одан әрі еңбек немесе жыныстық қанау, оларға зиян келтіру немесе қайыр сұрау үшін пайдалану үшін жасау

Адам саудасына байланысты қылмыстарды одан әрі еңбек немесе жыныстық қанау, оларға зиян келтіру немесе қайыр сұрау үшін пайдалану үшін жасауАдам саудасына байланысты қылмыстар...

Толық оқу »

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Жұмыскерлердің республикалық және салалық бірлестікт...

Толық оқу »

143-2-бап. Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

143-2-бап. Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегін рет...

Толық оқу »

Жұмыскердің кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі салдарынан еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы

Жұмыскердің кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі салдарынан еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуыАқшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсете...

Толық оқу »

Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының еңбек қызметі аяқталғаннан кейін және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуі сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз болып табылмайды.

Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының еңбек қызметі аяқталғаннан кейін және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемеле...

Толық оқу »

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-22-00-6ап/1257 12.01.2023 ж.Талапкер:"ҚР Ішкі істер министрлігі...

Толық оқу »

Бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде жұмыскердің дәлелсіз себеппен жұмыста болмағаны үшін еңбек шартын бұзу.

Бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде жұмыскердің дәлелсіз себеппен жұмыста болмағаны үшін еңбек шартын бұзу.Еңбек кодексінің 53-бабының 6-...

Толық оқу »

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Корпорат...

Толық оқу »

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметтерін төлеу бойынша сот шығыстарын өндіріп алуға еңбек өтіліне қабылдаудан бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметтерін төлеу бойынша сот шығыстарын өндіріп алуға еңбек өтіліне қабылдаудан бас тарту әрекеттерін заңсыз...

Толық оқу »

191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Қазақстан Республикасының ең...

Толық оқу »

163-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

163-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, е...

Толық оқу »

14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кін...

Толық оқу »

159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспа...

Толық оқу »

96-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру

96-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру 1. Еңбек қызметіне бай...

Толық оқу »

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп кел...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек...

Толық оқу »

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шетел...

Толық оқу »

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастам...

Толық оқу »

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмы...

Толық оқу »

24-бап. Еңбек шартының нысанасы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

24-бап. Еңбек шартының нысанасы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағ...

Толық оқу »

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа...

Толық оқу »

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.Өскемен қалалық соты Р.Ж.Р. «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқ...

Толық оқу »

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:      1) жұмыскердің...

Толық оқу »

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзы...

Толық оқу »

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Ба...

Толық оқу »

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы Уәкілетті органның қ...

Толық оқу »

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.  ...

Толық оқу »

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған т...

Толық оқу »

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу 1. Жұмыс берушінің еңбек шартын жасаспай...

Толық оқу »

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзу

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзуТәртіптік жазасы ба...

Толық оқу »

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады"С. Қ. Қайшыбаев атындағы неврология институты "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-неврол...

Толық оқу »

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Мынадай:      1) медициналық...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұм...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің...

Толық оқу »

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы даулар

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы дауларЕңбек Кодексінің 33-б. 3-т. сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шар...

Толық оқу »

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау"Кәсіптік одақтар туралы" ҚР Заңының...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »