696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
2. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:
алу
дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы
алу
дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
3. Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есептеген жеке табыс салығын ең аз салық салынатын кірістің сомасынан төлеу бейрезидент-еңбекші көшіп келуші рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің болған жерінде жүргізіледі.
4. Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші кірісінің салық салынатын сомасынан салықтық кезеңдегі асып кету түрінде есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жерінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
5. Егер кірістің ең аз салық салынатын сомасынан есептелген, салықтық кезең ішінде төленген жеке табыс салығының сомасы бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісінен осы есепті салықтық кезеңде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
696-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салық декларациясын тапсыру мен салықтарды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады.
2. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу осы баптың 1-тармағында декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы