702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы