Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы

Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 2 Нормативтік қаулысы.

       Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:

       "96", "99", "109" деген цифрлар тиісінше "99", "102", "112" деген цифрлармен ауыстырылды;

       "қылмыстың", "қылмыс", "қылмысты", "қылмыстар", "қылмыстардың", "қылмыстарға" деген сөздер тиісінше "құқық бұзушылықтың", "құқық бұзушылық", "құқық бұзушылықты", "құқық бұзушылық", "құқық бұзушылықтардың", "құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарының өзгеруіне байланысты, қажетті қорғану туралы қылмыстық заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

       қаулы етеді:

  1. Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 32-бабының  қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, құқық бұзушылықтың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек.
  2. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына, жынысына, жасына және басқа да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға заңмен қорғалатын қандай объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанына, ол объект қорғанушының өзіне немесе басқа адамдарға тиесілі екендігіне, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
  3. Адамды қажетті қорғаныс жағдайында болды деп тану үшін қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанын және бұл қол сұғушылық оның осы қол сұғушылықты болдырмау немесе тойтарыс беру үшін шабуыл жасаушыға қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтірумен ұштасқан әрекеттер жасауына себеп болғанын анықтау қажет.

       Қорғанушы адамның немесе басқа да тұлғалардың әлеуметтік маңызы бар құндылықтарына, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған қол сұғушылық қоғамға қауіпті деп танылады. Тиісінше қажетті қорғану кезінде адамның құқығы, яғни оның өмірі, денсаулығы, жыныстық тиіспеушілігі, ар-ожданы мен намысы, меншігі, тұрғын үйі, жер учаскесі және қорғанушының өзіне және басқа тұлғаларға тиесілі өзге де құқықтары, сондай-ақ қоғам және мемлекеттің мүдделері қорғау объектілері бола алады.

  1. Адам одан қорғануға құқылы қол сұғушылық қасақана және абайсызда жасалуы мүмкін, онда құқық бұзушылық құрамы болуы немесе құқық бұзушылық болмауы мүмкін, алайда, бұл мән-жайлар қорғанушының қорғану құқығына әсер етпейді, өйткені қорғанушы қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамнан, және есі дұрыс емес немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жасы жетпеген адамнан тікелей келген қасақана немесе абайсыз қол сұғушылықтан бірдей мөлшерде қорғануға құқылы.

       Зиян қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамның өзіне тікелей келтірілсе ғана ол қажетті қорғану жағдайында жасалған деп танылуы мүмкін (соның ішінде олар техниканы, жануарларды, есі дұрыс емес адамдарды, жасөспірімдерді пайдаланған жағдайларда да).

  1. Шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана емес, зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу қаупі төнген (мысалы, қол сұғушылықты іске асыруға дайындық әрекеттері жасалған және б.), не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі аяқтамаған (ұрып-соғуын жалғастырған, ұрланған заттарды пәтерден әкетіп үлгермеген) кезде, сондай-ақ негізінен аяқталған, бірақ істің мән-жайларына қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол беріледі. Аталған жағдайларды қол сұғушылықтың басталу және аяқталу сәттерінің айыпталушыға қаншалықты көрінеу болғанына, оның нақтылы қалыптасқан жағдайда ахуалды дұрыс бағалауға мүмкіндігі болған-болмағанына қарап бағалау қажет.
  2. Құқық бұзушылықтың формальды жағынан белгілері бар, бірақ маңызының шамалылығына қарай қоғамдық қауіп тудырмайтын әрекеттер жасаған адамға зиян келтірген, сондай-ақ өзінің мінез-құлқымен әдейілеп шабуыл жасауға киліккен (арандатқан), содан кейін осы жағдайды құқыққа қарсы әрекеттер жасауға (мысалы, төбелес шығару, жазалау, кек алу және т.б.) сылтау ретінде қолданғысы келген адам қажетті қорғану жағдайында болды деп танылмайды.

       Егер арандатушылық жасаған адам нақтылы зиян келтірмесе, онда арандатуға ұшыраған адамның қарсы әрекеттерін қажетті қорғану жағдайында жасалған деп есептеуге негіз жоқ. Мұндай әрекеттер жалпы негіздегі жауаптылыққа әкеп соқтырады.

       Сондай-ақ өзі қажетті қорғану жағдайында болған немесе өзге де жағдайларда заңды әрекеттер жасаған (мысалы, қылмыскерді ұстау кезінде) адамға қарсы бағытталған әрекеттер қажетті қорғану жағдайы ретінде қаралмайды.

  1. Қажетті қорғануды жалған қорғанудан ажырата білу керек. Жалған қорғану кезінде қоғамға қауіпті қол сұғушылық шын мәнінде нақтылы болмайды, бірақ оқиғаның жағдайына қарай қорғанушының қол сұғушылық жасалды деп ойлауына негіз болып, осыған орай ол қол сұғушылыққа қарсы әрекет жасадым деп қате жорамал жасайды.

       Жалған қорғану кезінде келтірілген зиян үшін мынандай мән-жайлар бар болған кезде: қалыптасқан жағдайға байланысты зиян келтірушінің қажетті қорғаныс жағдайында әрекет жасадым деп негізді ойлаған, бірақ ол қорғаныс шегінен шығып кеткенде; зиян келтіруші тиісінше мұқият болса жағдайды дұрыс бағалауға және қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың жоқтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндігі болғанда (мысалы, көршілерінің пәтерінен сумка көтеріп шыққан бейтаныс адамды көріп, ұрлық жасады деп ойлап зиян келтірсе, ал жәбірленуші көршілердің туысқаны болып шықса) қылмыстық жауаптылық туындайды.

      Мұндай жағдайларда адам нақтылы қателік туралы ережелер бойынша, яғни тиісті тұлғалардың заңмен қорғалатын объектілеріне абайсызда зиян келтіргені үшін жауаптылыққа тартылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Шындығында қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасамаған, бірақ қорғанушының пікірінше солай жасауы мүмкін адамға келтірілген зиян қажетті қорғануды құрамайды, өйткені әрекет белгілі бір адамнан келетін нақтылы қоғамға қауіпті қол сұғушылықты тойтаруға емес, белгісіз адамдар тобына зиян келтіруге бағытталады (мысалы, жемістерін ұрлатпау үшін жеміс бағының иесі қақпаға бекітіп қойған жарылғыш заттан сол жерге кездейсоқ келген адамға келтірілген зиян).
  2. ҚК 32-бабының  бірінші бөлігіне сәйкес, қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамға қажетті қорғану жағдайында зиян келтіру құқық бұзушылықты құрамайды және бұл орайда қажетті қорғану шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқпайды.

       Қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне көрінеу сай келмейтін қасақана әрекеттерді қажетті қорғану шегінен шығу деп түсіну керек. Қол сұғушылыққа тойтарыс беру немесе болдырмау бойынша мұндай әрекеттердің сөзсіз салдары шабуыл жасаушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілу болып табылады.

       Қажетті қорғану шегін және қол сұғушылық пен одан қорғанудың сәйкестігін/сәйкессіздігін дұрыс анықтау үшін әр іс бойынша: қол сұғушылықтың сипатын, оның қоғамдық қауіптілігін, қол сұғушылықтың қарқынын, қорғану дәрежесінің шабуылға сәйкестігін/сәйкессіздігін, қол сұғушыға келтірілген зиянның мәнін, келтірілген зиянның көрінеу (анық) шектен тыстығын, мұндай зиян келтіруге мәжбүр еткен/мәжбүр етпеген жағдайды және басқаларды анықтау және баға беру қажет.

  1. Қол сұғушылықтың сипатына баға берген кезде шабуыл жасаушының әрекеттерінің бағытын, күш қолдану, мүліктік немесе рухани (моральдық) сипатта болуы мүмкін келтірілген зиянның мәнін есепке алу қажет.

       Қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың дәрежесі оның сипатына, сондай-ақ шабуыл жасаушылардың қарқынына, олардың санына, жас ерекшеліктеріне, қаруларының бар-жоғына және басқа да нақты мән-жайларға қарай анықталады.

  1. Қорғанудың қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келуі, қорғанушының өзінің күші мен шабуыл жасаушының күшінің нақтылы ара салмағын есепке алуын және барлық мән-жайларды ескере отырып, қол сұғушылыққа тойтарыс беруде қажеттіден артық зиян келтіруге жол бермеуін көздейді. Бұл орайда қорғанушыларға қасақана келтірген зиянның шабуыл жасаушыға келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның көлеміне, сипатына сәйкес келмеуі қорғану құқығын жүзеге асыру үшін осындай зиян келтірудің қажеттілігі жоғы көрінеу айқын болғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
  2. Шабуыл жасау мен қорғанудың сәйкестігін бағалағанда қажетті қорғану арқылы қол сұғушыға зиян келтіру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтынын көздейтін ҚК-нің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерін ескеру қажет. Қол сұғушылықтың адам өміріне қарсы бағытталуын, сондай-ақ заңмен қорғалатын басқа да объектілерге қол сұғушылық кезінде қару қолданылуын заң шығарушы, шабуыл жасаушыға келтірілген зиянның сипатына қарамастан қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сипаты мен дәрежесіне сәйкес деп танылатын мән-жайлар ретінде қарастырады. Мұндай әрекеттер қажетті қорғану шегінде жасалған деп қарастырылады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы"  Заңымен  атыс немесе суық қаруға, оқ-дәріге жатқызылған, олардың көмегімен адамға қаза келтіруге болатын, оның шабуыл жасаушыда болуы қажетті қорғаныс шегінен шығуды жоққа шығаратын мән-жайлар болып табылатын заттарды қару деп таныған жөн.

      Шаруашылық-тұрмыстық және басқа мақсатта қолданылатын өзге де заттармен (балға, балта, асүй пышағы, жас шығарғыш немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған тозаңдатқыштар, тас, таяқ, кірпіш және т.с.с.) қаруланған шабуыл жасаушыға келтірілген зиян, тек қажетті қорғану шегінен шықпаған жағдайда жауаптылыққа әкеп соқпайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қажетті қорғану кезінде келтірілген кез келген зиян үшін емес, тек қасақана келтірілгені үшін жауапкершілік белгілейді. Осыған орай, қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек қасақана кінә болып сипатталады. Егер зиян қол сұғушыға абайсызда келтірілсе, онда қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған мұндай әрекет қылмыстық деп танылмайды және жазалануға жатпайды.
  2. ҚК 102-бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру), 112-бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру) қарастырылған құқық бұзушылықтардың белгілері болғанда ғана қажетті қорғану шегінен шығу кезінде келтірілген зиян үшін жауаптылық туындайды. Бұл қажетті қорғану кезінде шабуыл жасаушының денсаулығына келтірілген шағын немесе ауырлығы орташа зиян қорғанушыны қылмыстық жауаптылыққа тартуға әкеп соқпайды дегенді білдіреді.
  3. Қажетті қорғану кезінде, бірақ оның шегінен шығу арқылы жасалған әрекет үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешуде ҚК 66-бабында  бекітілген, мұндай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босататын ереженің маңызы зор. Қылмыстық заңның аталған нормасы қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен шыққан адамды істің мән-жайын ескере отырып, ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін қарастырады.

       Аталған норманы қолданғанда, заң шығарушы, адамның үрейлену немесе қорқумен сипатталатын көңіл-күй жағдайын, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың әсерінен болған сасқалақтау салдарынан өзінің әрекетіне есеп бере алмауын қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз ретінде қарастыратынын және бұл мән-жайларды істің мән-жайларымен байланыстыратынын ескеру қажет. Демек, ҚК 66-бабы үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен шыққан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін екендігін қарастырады, бірақ бұл мән-жайларды адамды міндетті түрде дереу қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын абсолютті жағдай деп санамайды, яғни ол факультативті болып табылады.

  1. Шабуылға ұшыраған және қажетті қорғану кезінде қол сұғушыға зиян келтірген адамның қорқуы деп - оның өзіне жасалған қол сұғудан қатты үрейленуін, қатты қорқуын түсіну керек. Осыған ұқсас жағдайларда адамның көңіл-күйі аяқ астынан үрей, қорқыныш сезімінің пайда болуымен сипатталады. Қорғанушы адамның сасқалақтауы деп - оның қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан туындаған қорқу, үрейлену салдарынан аяқ астынан абыржуын, сасқалақтауын, ретсіз әрекеттер жасауын түсіну керек.
  2. Қорғанушы қорқу, үрейлену немесе сасқалақтау жағдайында болды ма, оның осы жағдайы өзінің қорғану әрекеттерін бағалауына және қажетті қорғану шегінен шықпайтындай әрекет жасау қабілетіне әсер етті ме деген мәселелерді анықтау үшін психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен және қоғамға қауіпті қол сұғушылық нәтижесінде қалыптасқан нақтылы жағдаймен және одан қорғану әрекеттерімен бірге бағалау қажет.

       Осыған байланысты қорқу, үрейлену, сасқалақтау жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шыққан адам қайсібір жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын, ал басқа жағдайларда босатылмайтынын ескере отырып, әрбір нақты жағдайда құқық бұзушылықтың жасалуының мән-жайын (қол сұғушылықтың жасалу уақыты мен орнын, қол сұғушылар мен қорғанушылардың санын, шабуыл жасаушылардың шабуыл кезінде құралдар қолданған-қолданбағанын, тараптардың жасын, дене бітімін және психикалық жағдайын және т.с.с.) мұқият анықтау және айқындау қажет.

  1. Шабуыл жасаушыға келтірілген зиянды бағалау кезінде қорғанушы адам қол сұғушылықтың салдарынан пайда болған толқу жағдайында ұдайы қауіптің сипатын нақты бағалап және соған мөлшерлес қорғану тәсілін таңдай алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан қоғамға қауіпті қол сұғушылық кезінде қару есебінде қолданылған құралдардың шабуыл жасаушыдан қорғанушыға өтуі барлық жағдайларда да өздігінен қажетті қорғану шегінен шығуды білдірмейді. Мұндай жағдайларда шабуыл жасаушы мен қорғанушының бұдан кейінгі әрекеттерінің сипатын және басқа да мән-жайларын ескеру қажет.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасаған әрекеттерден ажырату қажет. Бұл орайда қажетті қорғану жағдайында, соның ішінде қажетті қорғану шегінен шыққанда да, айыпты қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғануды көздейді, ал жан күйзелісі жағдайында өзін осындай күйге ұшыратқан адамға зиян келтіруді көздейді. Адамның осындай әрекеттер жасаған кездегі психикалық жағдайын анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен бірге бағалау керек.

       Егер айыпты қажетті қорғану шегінен шықса және осы кезде жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекеттерінің әсерінен жан күйзелісі жағдайында болса, онда әрекетті салдарына қарай ҚК 102 немесе 112-баптарымен саралау қажет.

  1. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде қасақана кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тіпті ҚК 99-бабының екінші бөлігінде қарастырылған мән-жайлар болса да, тиісінше ҚК 102-бабының екінші бөлігі немесе ҚК 112-бабымен саралануға жатады.
  2. Сотталушының қорғану жағдайында құқық бұзушылық жасағанын анықтағаннан кейін, сот үкімде жалпылама тұжырымдармен шектелмеуі керек, істің нақты мән-жайларын ескере отырып, кім және қандай қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасағанын, оның кімге қарсы бағытталғанын, оның сипаты мен жасалу тәсілін, шабуыл жасаушы немен қаруланғанын, қорғанушы қандай құралмен және қандай тәсілмен қорғанғанын және т.б. көрсетуі, сондай-ақ қорғану амалдарының қол сұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне сәйкессіздігі неден көрінетінін, яғни қажетті қорғану шегінен шығудың мәнін ашуы тиіс.
  3. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған құқық бұзушылық туралы істерді қарағанда, соттар әрбір нақты жағдайда ҚК қарастырылған мән-жайлар болғанда сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі туралы мәселені талқылауы тиіс. Айыптау үкімін шығарған кезде соттар бас бостандығынан айырудан тыс жаза қолдану туралы мәселені талқылауы, оны қолданбау себебін үкімде дәлелдеуі қажет.
  4. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты азаматтық талаптарды қарағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 20-тарауының , Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі Ерекше бөлімінің 47-тарауының , Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 1 "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы"  нормативтік қаулысының  түсіндірулерін басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына  сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға ортақ болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

 

 

 Сотының Төрағасы 

 

 

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

 

 

 Сотының судьясы, 

 

 

 жалпы отырыс хатшысы 

 

 



Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Комментарий к статье 32. Необходимая оборона УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 32. Необходимая оборонаУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Не является преступлением причинение вреда посягающему лицу в состоянии необходи...

Толық оқу »

102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтi...

Толық оқу »

Атқаратын қызметінен босатылған әскери қызметшіге Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қорғаныс министрлігінің сметасы мен қорлары есебінен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген барлық құқықтар сақталады. Осы талапты орындамау соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда біркелкіліктің бұзылуына әкеп соғады.

Атқаратын қызметінен босатылған әскери қызметшіге Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қорғаныс министрлігінің сметасы мен қорлары есебінен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшіл...

Толық оқу »

14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Мұнай өнімдерін Қарулы Күштер мұнай...

Толық оқу »

702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло...

Толық оқу »

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы 1. Қазақстан Республик...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық қорғаныс аймағ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақ...

Толық оқу »

17-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы құқықтық реттеу Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

17-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы құқықтық реттеуҚорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы      Әскери-техникалық ынтымақтастық Қ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасыҚорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заң...

Толық оқу »

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орна...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымд...

Толық оқу »

15-бап. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

15-бап. Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау турал...

Толық оқу »

16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы    ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы

13-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіҚазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:      1) Ұлттық ұл...

Толық оқу »

3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеуҚорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы      Қорға...

Толық оқу »

13-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

13-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы 1. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде: 1)Қазақстан Республик...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе қорғанысы жүйесін құру мен жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар туралы шешімді бекіту туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе қорғанысы жүйесін құру мен жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар туралы шешімді бекіту туралы Қазақс...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4-Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4-Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқ...

Толық оқу »

Қажетті қорғаныс, егер бұл ретте қажетті қорғаныс шегінен асып кетуге жол берілмесе, қажетті қорғаныс жағдайында әкімшілік құқық бұзушылық жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды

Қажетті қорғаныс, егер бұл ретте қажетті қорғаныс шегінен асып кетуге жол берілмесе, қажетті қорғаныс жағдайында әкімшілік құқық бұзушылық жасау әкімшілік құқық бұзушылық болы...

Толық оқу »

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті Білім туралы Заңы

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қаз...

Толық оқу »

24-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

24-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күште...

Толық оқу »

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:      1) соғы...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі  2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ Ө...

Толық оқу »

48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

  48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібіМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Соғыс жағдайы енгізілген ж...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары  3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІАТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕҰЙ...

Толық оқу »

9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Жергілiкті атқарушы органдар өз...

Толық оқу »

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Меншiк нысанына қарамаст...

Толық оқу »

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қазақстан...

Толық оқу »

12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР...

Толық оқу »

14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымд...

Толық оқу »

15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығаруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы...

Толық оқу »

232-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

232-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талапта...

Толық оқу »

4-бап. Аумақтық қорғаныстың қағидаттары Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

4-бап. Аумақтық қорғаныстың қағидаттары Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Аумақтық қорғаныстың қағидаттары мыналар болып табылады: 1) заңдылық; 2) дара басшы...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы ке...

Толық оқу »

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылғанАлматы обл...

Толық оқу »

35-бап. Қажеттi қорғану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

35-бап. Қажеттi қорғану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер уч...

Толық оқу »

7-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызмет Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы Заңы

7-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметГеодезия, картография және кеңістіктік де...

Толық оқу »

396-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

396-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі Осы Кодексте белгіленген экологиялық т...

Толық оқу »

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағдаластықтар туралы меморандумды бекіту туралы

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағда...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

2-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы 1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс сал...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау жә...

Толық оқу »

Сақтандыру жағдайының басталуына ықпал ететін іс-әрекеттер жасаған бұл ретте қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында болмаған сақтанушы сақтандыру төлемін талап етуге құқылы емес.

Сақтандыру жағдайының басталуына ықпал ететін іс-әрекеттер жасаған бұл ретте қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында болмаған сақтанушы сақтандыру төлемін талап етуге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтас...

Толық оқу »

4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріҚорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс...

Толық оқу »

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлауҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мем...

Толық оқу »

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты  5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты 5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАРҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы  ...

Толық оқу »

19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн,...

Толық оқу »

20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

20-бап. Қарулы Күштердi жасақтауҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық пер...

Толық оқу »

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқаруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақст...

Толық оқу »

23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қарулы Күштердің түрлері:      1) Қарулы Күштерді қолдануды стратеги...

Толық оқу »

Қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

Қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 31-бабы қылмыстарды адамдар тобы жас...

Толық оқу »