Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Өз бетінше құрылысқа меншік құқығын тану

Өз бетінше құрылысқа меншік құқығын тану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өз бетінше құрылысқа меншік құқығын тану

Өз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұлға құқық туралы дауды шешу 7 жолымен бұзылған немесе даулы құқықты немесе заңды мүдденi қорғау туралы талаппен жүгiнедi.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында осы мәселе бойынша толық түсіндірмелер берілген.

Осылайша, өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюларды соттар барлық жағдайларда талап қою өндірісінде ұсынады және қарайды.

 

Сот өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын өзiне тиесiлi емес жер учаскесiнде құрылысты жүзеге асырған адамға осы учаске белгiленген тәртiппен осы адамға салынған құрылысты орналастыруға берiлген жағдайда тануы мүмкiн.

Тараз қалалық сотының 2022 жылғы 29 шілдедегі шешімімен Т.Б.-ның тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы Тараз қаласының әкіміне қойған талаптан бас тартылды.

Соттың мұндай шешім шығаруына жергілікті атқарушы органның талап қоюшыға өз бетімен құрылыс салуға жер учаскесін беруден бас тартуы негіз болды.

Әкімнің қаулысында жер комиссиясының теріс қорытындысына сілтеме келтірілген, онда жер учаскесін сот тәртібімен беру туралы мәселені шешу мүмкіндігі туралы ескертпе де бар.

Кейіннен Тараз қаласы әкімінің жер комиссиясының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі қорытындысымен талап қоюшының Тараз қаласы, Береке алабы мекенжайы бойынша тұрғын үй салу және қызмет көрсету үшін жер учаскесін беру туралы өтініші қанағаттандырылған.

Бұл мән-жай сот шешімінің күшін жоюға және апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруына негіз болды. Сонымен қатар, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-нің үй құрылысының құрылыс нормаларына сәйкестігі туралы 2022 жылғы 1 қарашадағы қорытындысы ескерілді.

Мысалы, Өскемен қаласының әкіміне өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы Е.А.-ның талап қоюы бойынша Өскемен қалалық сотының 2022 жылғы 30 қарашадағы шешімі істің тиісті және заңды түрде шешілуінің мысалы бола алады.

Осы іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың 2023 жылғы 1 наурыздағы қаулысы өте сапалы екенін атап өткен жөн, онда соттың тұжырымдары нақты тұжырымдалған және қабылданған шешімнің негіздемелері баяндалған.

Сотта анықталғандай, талап қоюшының атасы 1965 жылы белгіленген тәртіппен оған берілмеген жер учаскесінде құрылысты өз бетімен тұрғызған.

АК-нің 244-бабының 3-тармағына сәйкес өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адамға белгiленген тәртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.

«Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11, 12-тармақтарында өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қою, егер құрылысты сақтау басқа адамдардың заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқпаған немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген жағдайда, сондай-ақ осы учаске заңда белгіленген тәртіппен талап қоюшыға берілген жағдайда қанағаттандырылуы мүмкін екені түсіндірілген.

Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адамға жер учаскесiнің берiлетiніне дәлел әкiмнің талап қоюшыға жер учаскесiн беруге келiсiм бергенi туралы құжат болуы мүмкiн.

Апелляциялық сатыдағы сот істе өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқпайтынын куәландыратын дәлелдер жоқтығын, өйткені іс материалдарында аралас жер пайдаланушылардың (тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің) келісімі жоқ екенін мәлімдеді.

Бұдан басқа, талап қоюшының өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылған жағдайда, талап қоюшы жергілікті атқарушы органның оған өз бетімен құрылыс салынған жер учаскесін беруге келісімін куәландыратын дәлелдемелер ұсынған жоқ.

Осыған байланысты, апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшыға жергілікті атқарушы органның тиісті келісімін растайтын құжатты алу үшін уақыт берді. Алайда талап қоюшы мұндай құжатты сотқа бермеген.

Сонымен қатар жер комиссиясының 2023 жылғы 28 ақпандағы шешімімен талап қоюшыға жеке тұрғын үйді орналастыру үшін жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тартылғаны анықталды.

Бас тарту негіздемесінде тұрғын үйдің темір жолдың 100 метрлік санитариялық-қорғаныш аймағында орналасу фактісі көрсетілген, ал Сәулет туралы заңның 58-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, бiлiм беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.

Сонымен бірге өскемен қаласының Бас жоспарына сүйене отырып, Согринская көшесінің қызыл сызығының шекарасында, яғни орамдардың, шағын аудандардың аумақтарын, елді мекендердің жоспарлау құрылымындағы өзге де элементтерді көшелерден (өтпе жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекараларда өз бетімен салынған құрылыстың болуы бас тартуға себеп болды.

Осыған байланысты жер учаскесі құрылыс салу үшін пайдаланыла алмайды. Бұл ретте үй құрылысы іс жүзінде жалпы пайдаланылатын жерлерде орналасқан.

Жер кодексінің 26-бабының 5-тармағына және 109-бабының 2-тармағына сәйкес жеке меншік құқығындағы ғимараттар мен құрылыстар алып жатқан және оларға қызмет көрсету үшін қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi жеке меншiкке оларды ортақ пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.

Осылайша, сот тараптардың дәлелдерін жан-жақты тексеріп, оларды заң талап қоюларымен салыстырып, негізделген шешім қабылдады.

Соттар жер учаскесіне құқықтың және онда орналасқан ғимараттарға құқықтың бір-бірінен ажырамастығын дұрыс назарға алады (Жер кодексінің 52-бабы) және жер учаскесінің меншік иесінің онда құрылыс салуды жүзеге асыру құқығын ескереді, бұл АК-нің 188-бабының нормасынан туындайды.

Сонымен қатар, адамның барлық құқығы сот арқылы қорғалуға жатпайды. Осыны негізге ала отырып, өңірлердің сот практикасы көрсетіп отырғандай, АК-нің 244-бабында заң шығарушы өз бетімен салынған құрылысқа құқықтың сотта қорғалуға жататын жағдайларды бөліп көрсетеді.

Мәселен, жер бір тұлға болып табылатын меншік иесі мен құрылыс салушыға тиесілі өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қоюды арнайы заңнама нормаларын айналып өту мақсатында жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтарды тіркеуді оңайлату үшін пайдалануға болмайды.

 

Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 607-бабына сәйкес мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың кӛшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке тӛленетін төлем болып табылады.

АПК-нің 149-бабына сәйкес талап қоюға мемлекеттік баждың тӛленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасында талап қою бағасы жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен айқындалады деп көзделген.

Өз бетiмен салынған құрылыстарға меншiк құқығы туралы азаматтық-құқықтық даулар тиiсiнше бағалануға тиіс мүлiктiк сипаттағы талап қоюларға жатады.

Даулы объект материалдық объект болып табылады және ақшалай мәнде құны болады, демек оның бағасы нарықтық құны бойынша айқындалады.

Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер алынады.

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қойылған кезде мемлекеттік баж өтінішке оның нарықтық құны туралы құжаттарды (бағалау туралы есеп, жылжымайтын мүліктің нарықтық құны туралы ақпараттық анықтамалар) қоса бере отырып, мүліктің құнын негізге ала отырып төленуге тиіс.

АПК-нiң 109-бабының бірінші бөлiгiнiң сот шығыстарын шешiм пайдасына шығарылған тарапқа бөлу туралы қағидалары жергiлiктi атқарушы органға өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы мәлiмделген талап қоюлар бойынша iстер санатына қолданылмайды және соттар жергiлiктi атқарушы органдардан талап қоюшының пайдасына мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi шығыстар өндiрілмеуі тиiс.

Осындай істер бойынша жауапкер талап қоюшының материалдық құқықтарын бұзбайтын болса да, талап қоюшы өз құқықтарын сотта қорғауды таңдаған ұстанымға сүйену керек.

Бұған дейін Жоғарғы Сот осы мәселе бойынша, оның ішінде «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыда түсіндірме берген.

Аталған түсіндірмелер өңірлердің қорытуларында көрініс тапқан, бұл олардың сот практикасында кеңінен қолданылғанын және соттарда бұл мәселеде қиындықтар жоқтығын айғақтайды.

Сонымен қатар соттар талап қоюды іс жүргізуге қабылдаған және жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнын бағалаусыз істерді қараған не жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептің титулдық парағы ғана болған жағдайда, бұл ретте оның тәсілдері мен әдістерін, сипаттамасын, техникалық және конструктивтік сипаттамаларын және зерттеу объектісі туралы басқа да мәліметтерді қамтитын зерттеу бөлігі іс материалдарында болмаған жағдайлар орын алады.

Салынған объектінің нарықтық құнын растайтын құжаттың болмауы талап қою кезінде төленуге тиіс мемлекеттік баж мөлшерін айқындауға кедергі келтіреді.

 

 Іске қатысатын адамдар тобы

Өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы талап қоюларды соттар талап қою iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарайды және жергiлiктi атқарушы органға бередi.

Мұндай iстер бойынша жергiлiктi атқарушы органды басқаратын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмдерi жауапкер болуға тиiс. Даудың санатына қарай мұндай талап қоюлар жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе құрылыс салушыға (өз бетiмен құрылыс салған адамға) қойылуы мүмкiн.

Егер өз бетімен салынған құрылысты мердігерлік ұйымдар салса, тапсырмасы бойынша өз бетімен салынған құрылысты жүзеге асырған тұлға ретінде тапсырыс беруші жауапкер болып табылатынын соттардың ескергені жөн.

Әрбір нақты жағдайда істі дұрыс шешу үшін қатысуы қажет үшінші тұлғалардың құрамын сот талап қоюшының талап қоюларының, жауапкердің қарсылықтарының мазмұнын және қолданылуға жататын заңдардың мәні мен негіздерін айқындайды.

Iс бойынша қабылданған шешiм осы адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң кӛлемiне әсер етуi мүмкiн екенiн ескеру қажет.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап қою жергілікті атқарушы органға берілетіні түсіндірілді.

Талап қоюшылар негізінен жауапкерді дұрыс көрсеткен, сонымен бірге талап қоюшының өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюлары тиісті емес жауапкерге қойылса, талап қою орын алады.

АПК-нiң 50-бабында талап қою тиiстi емес жауапкерге берiлген жағдайда сот iстi сот талқылауына дайындау тәртiбiмен талап қоюшыға оның тиiстi емес жауапкердi тиiстi жауапкерге ауыстыру туралы арыз беру құқығын түсiндiредi.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі.

 

Соттылық

АПК-нiң 31-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.

Яғни өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға байланысты даулар даулы жылжымайтын мүлік объектісінің аумақтық орналасқан жері бойынша қаралады.

Егер істегі тараптардың бірі азамат болса, онда мұндай талап қоюларды аудандық соттар қарайды. Iстiң тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылған жағдайларда, талап қоюларды АПК-нiң 27-бабының 1-бӛлiгiне сәйкес мамандандырылған экономикалық соттар қарайды.

Жергiлiктi соттар жүргiзген iстер мен қорытуларды зерделеу негiзiнде соттарға келiп түскен талап қоюларды соттар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдағанын куәландырады.

АК-нің 244-бабының ережелерін қолдануға байланысты істердің ведомстволық бағыныстылығын айқындау кезінде соттар дауға қатысушылардың субъектілік құрамын және олардың жиынтығында құқықтық қатынастардың сипатын ескеруі қажет.

АК-нің 244-бабымен реттелетін қатынастардың объектісі болу үшін тұлғаның салған құрылысы оның өз бетімен салған құрылысы болуы тиіс.

Өз бетімен тұрғызылған тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын тану туралы талап қоюды, сондай-ақ мұндай құрылысты бұзу туралы уәкілетті органның талап қоюын қабылдаған кезде, бірінші жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар талап қоюшылар немесе екінші жағдайда жауапкерлер болып табылса, бірақ бұл ретте даулы жылжымайтын мүлік объектісі кәсіпкерлік қызмет мақсаттары үшін пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады деген сұрақтар жиі туындайды.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмеген жағдайда, оның қатысуымен дау жалпы юрисдикция сотының қарауына жатады. Талап қоюдың нысанасы кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін өндірістік үй-жай болып табылатыны даудың ведомстволық бағыныстылығына әсер етпейді, өйткені заң жеке тұлғалардың меншігінде кез келген мүлікті, оның ішінде тұрғын емес/өндірістік үй-жайларды иелену құқықтарын шектемейді.

Осылайша жоғарыда көрсетілген мән-жайларда меншік құқығын тану туралы  немесе осындай өз бетімен салынған құрылысты бұзу туралы талап қоюды жалпы юрисдикция сотының іс жүргізуіне қабылдаудан бас тартуға негіз жоқ.

 

Нормативтік құқықтық база

Өз бетімен салынған құрылысқа құқықты тануды реттейтін және осы санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі - Жер кодексі);

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сәулет туралы заң);

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Жергілікті басқару туралы заң);

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі);

- «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Мұрагерлік туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі - Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидалары) - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР ҚНжЕ болып табылады.

Дауларды қарау кезінде тиісті құқықтық қатынастар туындаған кезде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер қолданылуға жатады.

  

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптар

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптарАІЖК – нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес талап қою бағасы: жылжымайтын мүлік объектіле...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талаптар соттарда талап қою ісін жүргізу тәртібімен қаралады және жергілікті атқарушы органға қойылады.

Өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талаптар соттарда талап қою ісін жүргізу тәртібімен қаралады және жергілікті атқарушы органға қойылады.Өз бетінше салы...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.Өз бетінше құрылыс салуға меншік құқығын тану жөніндегі қатынастарды реттейтін не...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

Алматыда өз бетінше құрылысқа меншік құқығын тану туралы азаматтық істер бойынша заң компаниясы.

Алматыда өз бетінше құрылысқа меншік құқығын тану туралы азаматтық істер бойынша заң компаниясы.Өз бетінше құрылыс салуға меншік құқығын тану жөніндегі қатынастарды реттейтін...

Толық оқу »

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралы

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүд...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар"Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері тур...

Толық оқу »

Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты өз бетінше салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қоюлар

Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты өз бетінше салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қоюларӨз бетінше салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою талап...

Толық оқу »

Пәтерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру және бас тарту жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану

Пәтерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру және бас тарту жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-б...

Толық оқу »

14-бап. Меншік құқығы субъектілері Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

14-бап. Меншік құқығы субъектілеріТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра об...

Толық оқу »

235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделме...

Толық оқу »

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіру туралы

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіру туралы2020 жылғы 28 қазан...

Толық оқу »

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеу

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеуАлматы облысының Іле аудандық соты құрамында: ашық сот...

Толық оқу »

Меншік құқығын тоқтату жөніндегі әрекеттерді тоқтатуды тіркеудің күшін жоюға мәжбүрлеу туралы заңсыз деп тану

Меншік құқығын тоқтату жөніндегі әрекеттерді тоқтатуды тіркеудің күшін жоюға мәжбүрлеу туралы заңсыз деп танумүлікке және жер учаскелеріне меншік құқығын тоқтатуды тіркеуді жо...

Толық оқу »

19-бап. Тарих және мәдениет ескерткішіне меншік құқығын иелену кезіндегі артықшылықтар Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

19-бап. Тарих және мәдениет ескерткішіне меншік құқығын иелену кезіндегі артықшылықтарТарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы      Ортақ үлестік менш...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша заңгер жер учаскесін заттай бөлу-бұл бір объектінің негізінде бірнеше жаңа меншік құқығы пайда болған кезде ортақ меншік құқығын тоқтатудың бір әдісі.

Жер даулары бойынша заңгер жер учаскесін заттай бөлу-бұл бір объектінің негізінде бірнеше жаңа меншік құқығы пайда болған кезде ортақ меншік құқығын тоқтатудың бір әдісі.Жер к...

Толық оқу »

257-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығы тоқтатылған кезде мүлікті бағалау

257-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығы тоқтатылған кезде мүлікті бағалау Нарықтық бағаны анықтаудың ең барабар және тиімді әдісі-мүлі...

Толық оқу »

164-бап. Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

164-бап. Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық к...

Толық оқу »

208-бап. Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

208-бап. Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мекеменi меншiктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi мүлiкк...

Толық оқу »

Пәтер сыйға тарту шарты негізінде меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану туралы азаматтық істер бойынша заңгер

Пәтер сыйға тарту шарты негізінде меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану туралы азаматтық істер бойынша заңгерО.2011 жылдың 16 наурызында ж. өзінің құқықтарын тіркеген қызы...

Толық оқу »

96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау Жер кодексі Қазақстан Республикасының

96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылға...

Толық оқу »

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.Н., 2009 жылғы 02 қазанда қайтыс б...

Толық оқу »

217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тiркеудiң өзгертiлуi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тiркеудiң өзгертiлуiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Кеменiң немесе жа...

Толық оқу »

20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қо...

Толық оқу »

Сатып алу ескіру негіздері бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану

Сатып алу ескіру негіздері бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тануҚостанай облысы Жітіқара ауданының соты төрағалық етуші судья В. В. Еренко сот отырысының хатшысы В.В...

Толық оқу »

Үй құрылысына меншік құқығын тану

Үй құрылысына меншік құқығын тануАзаматтық істерді зерделеу кезінде басқа азаматтық іс бойынша мәліметтерді Жеке анықтауда Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2018 жылғы 11 қ...

Толық оқу »

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіру

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіруАлматы қаласы Бостандық ау...

Толық оқу »

22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы Жер кодексі Қазақстан Республикасының

22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:      1) меншiк құқығын табыстау;      2) меншiк құ...

Толық оқу »

Алматыда заңгер тіркеуші органның меншік құқығын тіркеуден бас тартуын заңсыз деп тану туралы

Алматыда заңгер тіркеуші органның меншік құқығын тіркеуден бас тартуын заңсыз деп тану туралыА.сотқа тіркеуші органның меншік құқығын тіркеуден бас тартуын заңсыз деп тану тур...

Толық оқу »

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы     1. Осы Заңда көздел...

Толық оқу »

Сатып алу ескіру бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызға кері қайтарып алу

Сатып алу ескіру бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызға кері қайтарып алуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенді...

Толық оқу »

Сатып алу ескіруіне байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арыз

Сатып алу ескіруіне байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негі...

Толық оқу »

28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы  5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын...

Толық оқу »

236-бап. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

236-бап. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке меншiк...

Толық оқу »

188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заңдары арқылы танылатын және қорғалатын өзiн...

Толық оқу »

29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату  Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:      1) м...

Толық оқу »

257-бап. Меншiк құқығы тоқтатылған кезде мүлiктi бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

257-бап. Меншiк құқығы тоқтатылған кезде мүлiктi бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Меншiк құқығы тоқтатылған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында...

Толық оқу »

444-бап. Сатушының тауарға меншiк құқығының сақталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

444-бап. Сатушының тауарға меншiк құқығының сақталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тауардың ақысы төленгенге дейiн немесе өзге бiр мән-жайлар басталғанға дейi...

Толық оқу »

250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде о...

Толық оқу »

83-бап. Аукцион нәтижелері бойынша меншік иесі құқығының борышкердің мүлкіне ауысуы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

83-бап. Аукцион нәтижелері бойынша меншік иесі құқығының борышкердің мүлкіне ауысуыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Аукцион нәтижеле...

Толық оқу »

188-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығының түсінігі мен мазмұны

188-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығының түсінігі мен мазмұны Меншік-бұл иемденуге қатысты қатынастар. Құқық нормаларымен реттелетін...

Толық оқу »

12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша: ...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу ескіру арманы бойынша тану туралы талап арыз

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу ескіру арманы бойынша тану туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың нег...

Толық оқу »

Сатып алу ескіру негіздері бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арыз

Сатып алу ескіру негіздері бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенцияны ратификациялау туралыҚ...

Толық оқу »

238-бап. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы пайда болатын кез Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

238-бап. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы пайда болатын кез Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заңдарда не...

Толық оқу »

504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтату фактісін анықтау туралы өтініш ҚР

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтату фактісін анықтау туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құ...

Толық оқу »

17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады.      Тiрке...

Толық оқу »

252-бап. Заңдарға сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

252-бап. Заңдарға сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер заңдармен жол берiлетiн не...

Толық оқу »

255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын-мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын-мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ме...

Толық оқу »

Мемлекеттік мүлікке қатысты меншік құқығын сатып алу ескіру тәртібімен алып тасталады

Мемлекеттік мүлікке қатысты меншік құқығын сатып алу ескіру тәртібімен алып тасталадыМемлекеттік мүлікке қатысты меншік құқығын сатып алу ескіру тәртібімен алып тасталады. Бұл...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтату фактісін анықтау туралы өтініш

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтату фактісін анықтау туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

208-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін құруға меншік құқығының ауысуы

208-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін құруға меншік құқығының ауысуы Түсініктеме берілген мақала "мекеме" терминін қолдана отырып, мекемеге құқық...

Толық оқу »

Мүліктің меншік иесімен даудың болуы адалдық, ашықтық және иеленудің үздіксіздігі туралы жалпы негіздер болған кезде меншік құқығын сатып алу ескіруіне байланысты тануға кедергі келтірмеуге тиіс

Мүліктің меншік иесімен даудың болуы адалдық, ашықтық және иеленудің үздіксіздігі туралы жалпы негіздер болған кезде меншік құқығын сатып алу ескіруіне байланысты тануға кедер...

Толық оқу »

Сот шешімінің негізінде меншік құқығын мемлекеттік тіркеуге дау айту

Сот шешімінің негізінде меншік құқығын мемлекеттік тіркеуге дау айтуСот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеу заңды деп танылды, өйткені тіркеуші орган жылжымайтын мүліктің б...

Толық оқу »

235-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығын алу негіздері

235-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік құқығын алу негіздері Түсініктеме берілген мақаланың 1-тармағына сәйкес, жаңа нәрсе жаңадан жасалған...

Толық оқу »