145-бап. Рұқсат алмай салынған құрылыстар объектісін сүру немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Рұқсат алмай салынған құрылыстар болып табылатын құрылыс объектілерін сүру немесе оларды мәжбүрлі тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкес келтіру заңды күшіне енген сот актісінің немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің бар екенін растайтын құжаттарды рұқсат алмай салынған құрылыс орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан және өзге де тұлғалардан алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген хабарламаны (арызды) және құжаттарды қарауға және осындай қарау нәтижелері бойынша мынадай әрекеттердің бірін жасауға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, рұқсат алмай салынған құрылысты сүру туралы шешім не оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы шешім қабылдауға;
2) рұқсат алмай салынған құрылысты сүру немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
3) рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) жіберген тұлғаға рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің жоқ екені туралы хабарлама жіберуге міндетті.
3. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүруді немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді рұқсат алмай құрылыс салуға тапсырыс берген немесе оны тұрғызған немесе рұқсат алмай құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға жүзеге асырады, ал мұндай тұлға туралы мәліметтер болмаған кезде заңды күшіне енген сот актісімен немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген мерзімде рұқсат алмай құрылыс салынған немесе тұрғызылған жер учаскесінің құқық иеленушісі жүзеге асырады.
4. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүру осы Кодекстің 143 және 144-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Рұқсат алмай салынған құрылысты белгіленген талаптарға сәйкес келтіру осы Кодекстің 15-тарауында белгіленген тәртіппен оны реконструкциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы