130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамау жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзу болып табылады.
2. Мыналар жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады:
1) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;
2) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық;
ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 37-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
3) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), жасау, сақтау;
4) сот тағайындаған мiндеттi және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;
5) мекеме әкімшілігі осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұсынған ақысы төленетін жұмыстан бас тарту;
6) қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің, медициналық денсаулық сақтау ұйымының және жұмыс объектісінің аумақтарын өз бетінше тастап кету;
7) осы Кодекстің 113-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығуға рұқсат етілген, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға, шаштаразға бару үшін, оқуына және өздері орындайтын жұмысына байланысты шығуға рұқсат етілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде оралмауы;
8) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;
9) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ өзге де ойындар ойнау;
10) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;
11) ұсақ бұзақылық жасау;
12) осы бөліктің 1) – 11) тармақшаларында көрсетiлген бұзушылықтарды жасауға бағыттап, сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу;
13) сотталған адам сол үшін алты ай iшiнде тәртiптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түрiндегi жазалауға тартылған, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қайталап біртектес бұзу;
14) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз мекеменің ішкі тыйым салынған аймағының қоршауынан өту;
15) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;
16) бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің қажетті шолуына кедергі жасау.
3. Жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылады.
Тәртіптік изоляторға жабуды не жалғыз адамдық камераға ауыстыруды қоспағанда, алты ай ішінде екі және одан көп рет жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін ұдайы бұзушы деп танылады.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған тәртіптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау қолданылған кезде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.
4. Жазалау мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы