Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүктелген міндеттердің орындалуын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын; сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін; сотталғандардың белгілі бір санаттарын бөлек ұстауды, мекеме түріне қарай әртүрлі ұстау жағдайларын; жазаны өтеу жағдайларын өзгертуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген жазаны орындау және өтеу тәртібі мекемелерде жазаны өтеу режимі болып табылады.

      Ескерту. 1-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Жазаны өтеу режимі жазаны орындау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.

      3. Мекемелерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидалары қолданылады.

      4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, барлық мекемелерде сотталғандар белгіленген нысандағы киімді киеді.

      5. Сотталғандардың өзімен бірге алып жүруіне рұқсат етілетін заттар мен нәрселердің тізбесі мен саны мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленеді.

      6. Сотталғандарға мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген ақша мен бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндайлар табылған жағдайда, оларды мекеме әкімшілігі алып қояды.

      7. Сотталғандар заңда белгіленген тәртіппен иемденген ақшаны, бағалы қағаздарды, сондай-ақ нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектер мен тамақ өнімдерін сақтауды мекеме әкімшілігі қамтамасыз етеді.

      8. Мекемеге іргелес жатқан аумақтың шекарасын, сондай-ақ оны пайдалану режимін оның әкімшілігімен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

      9. Байланыс операторлары мен желілерді иеленушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) радиосигналды бұғаттау не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) оның жол кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты мекеме аумағына орнату кезінде ішкі істер органдарына консультациялық-техникалық жәрдемдесуді;

      2) мекемелер аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды;

      3) мекемелерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын тоқтата тұруды қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.

      10. Жазаны өтеу режимін сақтауды және құқықтық тәртіпті ұстап тұруды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен олардың иелігіндегі күштер мен құралдар қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы