63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы
1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамды, егер сот түзелуі үшін оның тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет емес деп таныса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының негіздері бойынша сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер де жүктеледі.
3. Ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жазасының өтелмеген бөлігі мерзіміне профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.
4. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау