Жаза өтеу мекемесін тағайындау Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2019 жылғы 20 маусымдағы үкімімен: С. бұрын, 2010 жылғы 2 наурызда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 177-бабының үшінші бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, - ҚК-нің 190-бабы екінші бөлігінің 2) тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталған. Сотталған С. жәбірленушілер М., О. және Т.-ға қатысты эпизодтар бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазадан босатылған. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен С. 2016 жылғы сəуір – 2018 жылғы қыркүйек аралығында бірнеше рет (8 эпизод) бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасағаны үшін кінəлі деп танылған. Бас Прокурордың наразылығында сотталғанның кінəсінің дəлелденуі мен оның іс-əрекетінің саралануын дауламастан, оған жазаны өтеу орны дұрыс тағайындалмағанына байланысты сот актілерін өзгертуді сұраған. С.-ға ҚК-нің 190-бабы екінші бөлігінің 2) тармағымен тағылған айып бойынша кінəсі іс бойынша жан-жақты, толық жəне объективті зерттелген дəлелдемелер жиынтығымен дұрыс бекітілген және қылмыстық іс-әрекеті дұрыс сараланған. Қылмыстық іс материалдарына сəйкес С. бұрын 2010 жылғы 2 наурызда ҚК-нің 177-бабы үшінші бөлігінің «б» тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінде нақты өтеп шыққан. ҚК-нің 79-бабы үшінші бөлігінің 4) тармағына сəйкес С.-ның бұл соттылығы жойылмаған.
Жаза өтеу мекемесін тағайындау Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төменгі сатыдағы сот С.-ға жазаны өтеу орнын дұрыс тағайындамаған деген тұжырымға келді. Себебі сот С.-ның бұрын ауыр санаттағы қасақана қылмыс жасағаны үшін сотты болғанын тани отырып, оның жазасын өтеу орнын қылмыстық заң талаптарына сәйкес белгілемеген. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына сəйкес қылмыстықатқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеу бас бостандығынан айыруға сотталған, қасақана қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға тағайындалады.
Осыған байланысты С. жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуі тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған С.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесін тағайындады. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жаза өтеу мекемесін тағайындау Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша
312 рет жүктеп алынды -
Жаза өтеу мекемесін тағайындау Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша
228 рет жүктеп алынды