67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Мыналар:
1) осы Кодекстің 66-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамау;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру);
3) жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.
2. Мыналар:
1) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасау;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету;
3) сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы;
4) заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты пробация қызметінің қызметкерін қорлау не оған қатысты күш қолдану қатерін төндіру;
5) пробациялық бақылаудан жасырыну;
6) осы Кодекстің 60-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
3. Тіркелу үшін пробация қызметіне келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы