138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы