136-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты тоғыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде жеті сауқат немесе сәлемдеме және жеті бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде жеті қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде жеті қысқа мерзiмдi және жеті ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он сегіз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде он бес сауқат немесе сәлемдеме және он бес бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде он екі ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау