168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi:
1) жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсетеді;
2) мекемелерден босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
2. Мекемеден босатылған адам жұмысқа және тұрмыста орналасуда өзіне көмек ұсынылуы және әлеуметтік көмектің өзге де түрлері ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы