134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру –
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет –
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы