152-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қолданылатын көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Сотталғандарға жақсы мінез-құлқы, еңбек пен оқуға адал қарағаны, ерікті ұйымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін осы Кодекстің 128-бабында көзделгендермен қатар мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:
1) қызметкерлердің еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жердегі мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға бару құқығын беру;
2) ата-аналарының немесе жақын туыстарының еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жерге шығу құқығын беру.
Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы