22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы
1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда мынадай көтермелеу шаралары белгіленеді:
1) ауызша немесе бұйрықпен алғыс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;
2) бұрын тағайындалған жазаны мерзімінен бұрын алу;
3) грамотамен марапаттау;
4) Құрмет тақтасына енгізу;
5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы мен оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына, олардың орнындағы адамдарға не бұрын оқыған жеріне хабарлау;
6) үздік сыныпқа немесе топқа жалауша, грамота беру;
7) "Үздік маман" атағын беру.
2. Режимді және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) ауызша немесе бұйрықпен сөгіс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;
3) кәмелетке толмағандардың, топтың немесе сыныптың жалпы жиналысында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымының не арнаулы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде талқылау.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы