22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы
1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар:
1) осы Заңда және ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұстау режимін сақтауға;
2) арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;
3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;
4) өз өміріне және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға;
5) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;
6) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлеріне өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;
7) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
8) арнаулы мекемелер мен ұйымдардың мүлкіне ұқыпты қарауға;
9) оқу сабақтарына баруға міндетті.
2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде не кәмелетке толмағандарды осы мекемелерде ұстау мақсаттарына кедергі келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.
3. Кәмелетке толмағандарды оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы