154-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазалау шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Кәмелетке толмаған сотталғандардың осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамауы жазаны өтеудің тәртiбiн бұзуы болып табылады.
2. Мыналар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуы болып табылады:
1) мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;
2) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;
3) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық;
4) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), дайындау, сақтау;
5) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта ойнау, сондай-ақ құмар ойындарына қатысу;
6) сот тағайындаған міндетті және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;
7) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;
8) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу.
3. Сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылады.
Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған қатаң сөгіс түрінде жазалау екі және одан көп рет қолданылған кезде, мекеме бастығының қаулысымен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.
5. Кәмелеттік жасқа толған сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін осы Кодекстің 131 – 134-баптарында көзделген тәртіппен жазалау шаралары қолданылады.
6. Сотталғандар уақытша оқшаулау үй-жайынан емдеу-профилактикалық мекемелерге, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
7. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы