25-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрген жылдары мерзiмдерiн тоқтата тұру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы
1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi.
2. Тәртiптiк жаза қолданудың құқыққа сыйымсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа немесе сыныптық шенге кезекті атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған кезде, оны беру мерзiмi басталған кезден бастап берiледi.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы