58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты:
1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
2. Қарсылық мемлекеттік аудит объектісі дау айтатын мәселелер шегінде қаралады.
3. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау кезінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
6. Қарсылық, шағым мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін келіп түскен жағдайда, оны жасау мерзімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасың Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарсылық, шағым камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау туралы шешімді мемлекеттік аудит объектісінің қабылдауы сатысында келіп түскен жағдайда, оны орындау мерзімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 6-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы