881-бап. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзiмi көзделмесе, бас тарту туралы комитентке бiр айдан кешiктiрмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар.
Бұл жағдайда комиссионер өзiндегi комитент мүлкiнiң сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитент шарт тоқтатылған кезге дейiн комиссионердегi мүлiкке билiк етуге мiндеттi. Егер ол бұл мiндеттi орындамаса, комиссионердiң не мүлiктi сақтауға өткiзуге, не комитент үшiн неғұрлым тиiмдi бағамен сатуға құқығы бар.
2. Шарттан бас тартқан комиссионердiң комиссиялық сыйақы алуға және шарт тоқтатылған кезде өзiне тиесiлi шығындардың өтемiн алуға құқығы бар.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы