Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях  

   1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      2-1. Жеке тұлға салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен ескіру мерзімі бес жыл болып белгіленген заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) тиісінше салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Қаржы саласында, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, оңалту және банкроттық кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасағаны үшін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.

      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық iстi тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнiң 405-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi тұлғаға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама тағайындалған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ iс сотқа немесе мемлекеттiк органның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамына жiберілген кезден бастап, сондай-ақ одан әрі іс жүргізілуіне кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұрады.

      Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актісі бойынша шешім қабылданған күннен бастап, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген, сондай-ақ еңсерілмейтін күштің әсері тоқтаған кезден бастап қайта басталады.

      6. Құқық бұзушының әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешiм келіп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      7. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге дейiн тұлға жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.

      8. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берілген Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының ұсынуы, прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

      Ескертпелер.

      1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және анықталған кезінде аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылық созылып кеткен бұзушылық деп танылады.

      2. Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп осы жағдайлар кезіндегі төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайларды (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және сол сияқтылар) түсінген жөн.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен б...

Толық оқу »

Әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін есептеу кезіндегі қателіктер сот актісінің күшін жоюға әкелді

Әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін есептеу кезіндегі қателіктер сот актісінің күшін жоюға әкелдіАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер...

Толық оқу »

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

Қылмыстық іс жүргізуді тоқтату, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды

Қылмыстық іс жүргізуді тоқтату, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылдыЖамбыл облысы Байзақ аудандық сотының 2016 ж...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткеніне байланысты қылмыстық істі тоқтату

Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткеніне байланысты қылмыстық істі тоқтатуАлматы қаласы ПД Әуезов ауданының ПБ-мен өндірісте ҚР ҚК-нің 122-бабы, 1-бөлігі бой...

Толық оқу »

Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің аяқталуы әкімшілік іс жүргізуді тоқтату үшін негіз болып табылады

Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің аяқталуы әкімшілік іс жүргізуді тоқтату үшін негіз болып табыладыШҚО мемлекеттік...

Толық оқу »

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Егер қылмыс жасалған күннен баст...

Толық оқу »

Ескіру мерзімі тұлға ескіру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды

Ескіру мерзімі тұлға ескіру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайдыТеміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қ...

Толық оқу »

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталға...

Толық оқу »

Ескіру мерзімінің аяқталуы егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап ескіру мерзімі өткен болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Ескіру мерзімінің аяқталуы егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап ескіру мерзімі өткен болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатыладыАқмола облысы Бурабай аудан...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықтың басталуы мүмкін емес ал басталған құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткен кезде тоқтатылуға жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың басталуы мүмкін емес ал басталған құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткен кезде тоқтатылуға жатады.Қостанай ауданд...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыстық жауаптылықтан босатуқылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты🔷 1. Жалпы сипаттамаҚылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі — заңда белгіленген уақыт арал...

Толық оқу »