3099-бап. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оны төлеу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда - кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап осындай тауарлар декларантында туындайды.
2. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда - осындай тауарлар декларантында мынадай мән-жайлар басталған:
1) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалған және (немесе) оны электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген және осы Кодекске сәйкес төленуге тиіс мөлшерде өндіріп алған;
2) осы Кодекстің 3098-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбей Одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылған;
3) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалуға дейін осы бапқа сәйкес осы тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған;
4) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары тәркіленген немесе олар осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған;
5) кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезде туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу бойынша міндетке қатысты - кеден органы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартқан;
6) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынған;
7) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын ұстап қалғанға дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органының осындай ұстап қалған;
8) қылмыстар туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы (әкімшілік процесті жүргізу) іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын егер бұрын осы Кодекстің 3095-бабына сәйкес тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты осы тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - оларға қатысты осындай шешім қабылданған мұндай тауарлар осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, уақытша сақтауға орналастырылған не шығарылған;
9) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 3098-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу үшін валюта бағамы қолданылатын күніндегі қолданыстағы валюта бағамы бойынша жиынтығында 5 еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде бір жеке тұлға алушы болып табылатын тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда есептелген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың төленбеу фактісі анықталған;
10) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған осындай кедендік баж сомасына қатысты - осы Кодекстің 68-бабы 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу бойынша шаралар қолданбаған кезде тоқтатылады.
3. Комиссия, жеке тұлға сатып алған, әкелінетін (әкетілетін) сол бір электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі адамдарда түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаса, оның ішінде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет бір мүше мемлекетте туындап, ал осындай кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар өзге мүше мемлекетте басталса, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ осындай мән-жайлардың туындауын растау бойынша кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға құқылы.
4. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты, осы Кодекстің 3098-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген сомалар мөлшерінде төленуге тиіс.
5. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты, төлеу жөніндегі міндет жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін орындалуға тиіс (электрондық сауда тауарларын қатысты кедендік баж төлену тиіс).
6. Жеке тұлғалар дұрыс кедендік декларацияламай сатып алған электрондық сауда тауарларын Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізген кезде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 3098-бабына сәйкес есептеледі. Бұл ретте жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде нақты төленген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал мұндай кедендік баждың артық төленген және (немесе) өндіріліп алынған сомалары осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жатады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы