20-бап. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде магистратура бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқытуды көздейді.
2. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау шеңберінде ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған және даярлық аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаған Қазақстан Республикасының азаматы оқуға қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлауға жіберілмейді.
3. Қазақстан Республикасының азаматы басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам мәртебесіне оқуға қабылданған күннен бастап ие болады және оны оқу аяқталған не тоқтатылған күннен бастап мемлекеттік қызметке кіруге даярлау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалтады.
4. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам оқыту кезеңінде қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болатын фактілерге жол бермеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау оқуды тоқтатуға және бюджет қаражаты есебінен оқуға жұмсалған шығыстарды өтеуге алып келеді.
5. Осы баптың 2-тармағында аталған, басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматы, сайланатын мемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда басшы лауазымға орналаса алады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
20-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
1. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді.
Бұдан бұрын қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайланған әкімдер үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2. Сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердің дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
3. Сынақ мерзімі үш айды құрайды.
Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.
Азаматты сынақ мерзімінің нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
3-1. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан азаматты функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады.
Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді.
4. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға тәлімгерлер бекітіледі.
Бұл ереже орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кіретін азаматтарға қолданылмайды.
5. Сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы