880-бап. Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзiмi көзделмесе, бас тарту туралы комиссионерге бiр айдан кешiктiрмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар.
Бұл жағдайда комитент комиссионерге шарт тоқтатылғанға дейін ол жасаған мәмiлелер үшiн сыйақы төлеуге, сондай-ақ комиссионерге шарт тоқтатылғанға дейін ол шеккен шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы